Сандардың жалған сөйлемейтіндігі белгілі. Кино нарығы қатысушыларының кезекті локдаунды отандық прокаттың жойылуына алып келетін жағдай деп атауы орынды. Мұнда 2020 жылдың 1 тоқсаны мен 2021 жылдың 1 тоқсаны жағдайында дайындалған салыстырмалы талдауда келтірілген кейбір шығындарды ұсынамыз (ақпарат RENTRAK мәліметтері бойынша берілген).
2020 жылғы 1 қаңтардан 14 наурызға дейінгі аралықта елімізде 368 кинозалы бар 102 кинотеатр қызмет еткен. 2021 жылғы 1 қаңтарда тек 89 кинотеатр өз жұмысын бастай алды, қалғандары «қызыл» аймақта болған. Бүгінгі таңда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы еліміздің кинокөрсетілім нарығының ең ірі сегменттерінде тағы 31 кинотеатр жабылды. Семей қаласындағы «Еңлік-Кебек», Алматы қаласындағы «Silkway» және «Номад» кинотеатры, банроттықты болдырмау мақсатында, кино көрсетілім бойынша өз қызметтерін қайта бастамайтын болды.
2020 жылғы 1 қаңтардан 14 наурызға дейінгі аралықта 117 фильм көрсетілген, оның ішінде:
қазақстандық - 17 (фильмдердің жалпы санының 14,5%), ресейлік - 20 (17%), шетелдік - 80 (68%). 2021 жылдың 1 тоқсанында 112 фильм көрсетілген, оның ішінде: қазақстандық - 9 (8%), ресейлік - 26 (23%), шетелдік - 77 (68%). Голливудтың ірі компанияларының релиздері шығарылмады, Қазақстанның жетекші продюсерлік компаниялары да орын алған жағдайларға байланысты кинотеатрларда өз өнімдерін көрсеткісі келмейді. Отандық фильмдердің үлесі прокатта да, кассалық алымы бойынша да екі есеге төмендесе, сол уақытта ресейлік және шетелдік киноның кассалық алымы сәйкесінше 3,4% және 19,1 % өскен.
2020 жылғы 1 қаңтардан 14 наурызға дейінгі аралықта жалпы табыс 6 435 946 097 теңгені құраған. Оның ішіндегі табыс үлесінің көрсеткіштері: қазақстандық – 1 802 097 096 тг. (28%), ресейлік – 659 838 772 тг. (10,2%), шетелдік – 3 974 010 229 тг. (61,7%). 2021 жылғы 1 тоқсан үшін жалпы табыс 3 357 692 636 теңгені құраған. Оның ішіндегі табыс үлесінің көрсеткіштері: қазақстандық – 191 212 822 тг. (5,6%), ресейлік – 453 016 080 тг. (13,4%), шетелдік – 2 713 463 734 тг. (80,8%). Осылайша, ел бойынша табыс үлесі 52,1% құрады.
Қазіргі уақытта залдың орташа толтырылуы 10%-ға жақындап келеді, бірақ ең төменгі жоспарлы толтыру көрсеткіші 30% болуы тиіс. Бұл жағдайдың орын алғанына бесінші айдың жүзі болды және бірқатар себептерге байланысты индустрия қажетті қарқынға жете алмай жатыр. Ірі кинокөрсетілім нарықтарын қайта жабу жағдайды тек ушықтырады. Кинокөрсетілім нарығының жалпы шығындары қазіргі уақытта 15 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайды. Қайта қалпына келтіру үшін кем дегенде 2-3 жыл қажет.