Нұр-Сұлтан қаласында "Елорда - өнер өлкесі" атты шығармашылық кездесулер өтті

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен қала күніне орай 21-30 маусым аралығында Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының тәжірибе алмасу мақсатындағы «Елорда – өнер өлкесі» атты шығармашылық кездесулер өтті.
Нұр-Сұлтан қаласында "Елорда - өнер өлкесі" атты шығармашылық кездесулер өтті
Еркін Жуасбек, Мирас Әбіл

Шығармашылық кездесулер аясында 10 театр, соның ішінде Өзбекстан Республикасы Өзбек ұлттық академиялық драма театры мен Қырғыз Республикасы Б.Қыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, «Astana Musical» мемлекеттік театры және Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры елордалық көрермендер мен театр сыншылары назарына үздік қойылымдарын ұсынды.
Шығармашылық кездесулер аясында ұсынылған қойылымдар арнайы шақырылған театр сыншылары тарапынан талданып, талқыланды.

Сарапшылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов
атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, сарапшылар алқасының төрағасы Еркін Жуасбек, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстан театр қайраткерлері» одағының төрағасы, театр және кино актеры Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, театртанушы, өнертану ғылымдарының магистрі Айзат Қадыралиева, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры директорының орынбасары, өнертану ғылымдарының магистрі, театртанушы Тимур Нұралыұлы Ахметов, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының көркем әдебиет және ғылыми қор бөлімінің меңгерушісі, өнертану магистрі, театртанушы Мирас Әбіл бар.

Театрлардың байланысын нығайту мақсатында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Спикерлер: Еркін Жуасбек, Тұңғышбай Жаманқұлов,  Тілектес Мейрамов,  Фархат Молдағали, Асхат Маемиров, Карыпбаев Уланмырза, Мамбетова Назира.

Бас-аяғы он күнге созылған іс-шара аясында елордалық көрермендер "Жібек" (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жастар" театры), "Жеңіс жалауы" (Ұлттық ұлан ән-би ансамблі), "ЕНТ тапсырмаймын" (Astana Musical мемлекеттік театры), "Құлагер" (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), "Тыныштық күзетшісі" (Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры), "Иман" (Өзбек ұлттық академиялық драма театры), "Абай-Тоғжан" (Нұр-Сұлтан қаласының Музыкалық жас көрермен театры),  "Жарқын ойлар" (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), "Үміт" (Бакен Қыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жастар театры), "Бопай ханым" (Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры) спектакльдерін тамашалауға мүмкіндік алды.

Шығармашылық кездесулердің жабылу салтанатында сарапшылар мен қатысушы театр басшыларына алғыс хат пен диплом табысталды.