Үздік "Сахнагерлер" сараланды

Биылығы театр мерекесі Қазақстан театрлар ассоциациясының алғашқы сүбелі жұмыстарының бірі – сахна саласында өлшеусіз тер төгіп жүрген өнер иелерін құттықтаудан басталды. Халықаралық театр күні қарсаңында сахнагерлер арасынан үздік өнер иелері іріктеліп, «Сахнагер – 2017» І ұлттық театр сыйлығымен марапатталды.
Үздік "Сахнагерлер"  сараланды

Назерке Жұмабай

Театрсыншысы


«Сахнагер – 2017» I ұлттық театр сыйлығы – «Самұрық – Қазына» ұлттық
әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен  Қазақстан театрлар ассоциациясының
ұйымдастыруы нәтижесінде Халықаралық театр күніне орай, өнер иелерінің еңбегін бағалап,
шығармашылығын саралауға бағытталып тағайындалған ұлттық марапат.

Еліміздегі 53 театрдың
шығармашылық жұмыстарын талқыға салып, саралаған Қазақстан театрлар ассоциациясы
президенті, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов бастаған іріктеу кеңесі мүшелері «жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққанын үздіктерді  «Сахнагер – 2017» І ұлттық театр сыйлығымен
марапаттады.

«Театр өнерінің дамуына қосқан
ерен еңбегі үшін»  аталымындағы  арнайы сыйлық Қазақстанның халық артисі, ғасыр
жасаған ардагер актриса Айша Абдуллина және КСРО халық артисі, Мемлекеттік
сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімовке табыс етілді.   

«Сахналық ғұмыр» сыйлығымен  Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Юрий Померанцев, Қазақстанның Халық артисі, «Құрмет»
орденінің иегері Меруерт Өтекешова, Қазақстанның Халық артисі,  Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік
академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов,
Астана қаласы Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек
сіңірген артисі Құралай Ешмұратова, Қазақстанның Халық артисі Гүлжан Әспетова,
Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық  драма театрының актері, Қазақстанның еңбек
сіңірген артисі Батырбек Алпысбаев, Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ
драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев
атындағы сыйлықтың лауреаты Кендебай Темірбаев және Мемлекеттің сыйлықтың
иегері, жазушы, драматург Дулат Исабеков марапатталды.  

Сондай-ақ, аталған номинациялардан
бөлек, «Сахнагер – 2017» І ұлттық театр сыйлығының нағыз майталмандары –
лауреатттары төмендегі аталымдар бойынша анықталып, өз иегерлерін тапты:

·
«Үздік режиссер» – Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Достық» ордендерінің
иегері  Нұрқанат Жақыпбай;

·
«Үздік драматург» – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург
Мәдина Омарова;

·
«Үздік актер» – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда;

·
«Үздік актриса» – Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге
арналған орыс драма театрының актрисасы  Кристина Золочевская;

·
«Үздік опера солисі» – Астана Опера театрының жетекші опера солисі,
Қазастанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина;

·
«Үздік балет артисі» – «Астана Опера» опера және балет  театрының жетекші балет солисі, Халықаралық
байқаулардың лауреаты Бахтияр Адамжан және «Астана балет»  театрының солисі Татьяна Тен;

·
«Үздік сахна суретшісі» – М. Горький
атындағы мемлекеттік академиялық орыс дреама театрының бас суретшісі  Қанат Мақсұтов;

·
 «Үздік
балетмейстер»
– Республикалық корей
музыкалық драма театрының бас балетмейстері Лариса Ким;

·
«Үздік театртанушы» – Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының
профессоры, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс;

·
«Екінші пландағы үздік актер» – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
балалар мен жасөспірімдер  театрының
актері Жомарт Зейнәбіл;

·
«Екінші пландағы үздік актриса» – Республикалық неміс драма театрының актрисасы  Ирка Абдульманова,

·
«Үздік менеджер» – Қ.Қожамьяров атындағы республикалық  ұйғыр драма театрының директоры Руслан
Тохтахунов;

·
«Үздік дыбыс режиссері» – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
музыкалық драма театрының дыбыс режиссері Ләззат Қыстықбаева;

·
«Үздік костюм суретшісі» – М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс
драма театрының костюм суретшісі  Любовь
Возженикова.

Бұдан бөлек, жас сахнагерлер еңбегі де
назардан тыс қалмады. Сахнада үздік өнерімен жарқырап көрінген талантты
жастарға «Үміт» сыйлығы табыс етілді.  М.Әуезов
атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері  – Аян Өтепберген, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері –  Әбілмансұр Серіков, Ғ. Мүсірепов атындағы
Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисалары –
Гүбаһрам Байбосынова мен Динара Абдуллина, Астана қаласы Жастар театрының
актері – Мейірғат Амангелдин, «Астана балет» театрының солисі – Әмина
Қайрашева, Республикалық неміс драма театрының актері – Дмитрий Хольцманн, М.Лермонтов
атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы – Камила
Ермекова, Республикалық корей музыкалық комедия  театрының актері  – Борис Югай,  М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық
орыс драма театрының актрисасы – Полина Горламова, Н.Сац атындағы мемлекеттік
академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс драма театрының
актрисасы  Никита Коньшин, Қ.Қожамьяров
атындағы республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының актері –  Бақытжан Абдулов, «Астана Мюзикл» театрының
актері –  Саламат Мұқашев, М.Өтемісұлы атындағы
Атырау облыстық қазақ драма театрының актрисасы – Шынар Рамазанова, Х.Бөкеева
атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері – Манас Кенжетаев,
Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері –
Қанат Арқабаев және Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрының
актері –  Ерлік Қалибеков «Үміт»
сыйлығымен марапатталды.

Театр әлемі үшін тағы бір жақсы
жаңалық: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұйрығымен, Қ.Қожамьяров
атындағы республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық неміс
драма театры және  Республикалық корей
музыкалық комедия театрларына «Академиялық театр» құрметті дәрежесі берілді.

Барша өнер иелерін Халықаралық
театры күнімен және мереке қарсаңында алған марапаттарымен құттықтап,
еңбектеріне шығармашылық шарықтау тілейміз!