Мақала
Үлгі боларлық суретші
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Анар Әбжанова Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы деп танылды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 10.12.2017
Авторы: Айгүл Жаңбыршиева
Мақала
Үлгі боларлық суретші
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Анар Әбжанова Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы деп танылды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 10.12.2017
Авторы: Айгүл Жаңбыршиева
Үлгі  боларлық суретші
суретші Анар Әбжанова

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл жобада Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Атырау, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды сынды ірі қалалар мен облыстардан, тіпті өзге мемлекетте жүріп, Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан жас азаматтар қатысты. 18-ші қазаннан 10-шы қараша аралығында www.100esim.el.kz сайтында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының ақтық кезеңіне қатысушыларға онлайн-дауыс беру жүргізілді. Осы үш апта аралығында 340 мыңнан астам қазақстандық өзі таңдаған тұлғаларға 1 миллион 376 мың дауыс берген екен. El.kz порталында жалпыхалық­ты­қ­ онлайн-дауыс беру арқ­ылы жобаны­ң­ іріктеу кезе­ң­інен ­ө­ткен 102 же­ң­імпаз аны­қ­талды. Еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев­ мырзаның айтуынша, соңғы екі үміткер жалпы топтан оқ бойы озық шыққан жүздіктен сәл ғана қалып тұрғандықтан, тізімге еңгізілген көрінеді. Мәселен, 102 жеңімпаздар қатарында: ғылым саласы бойынша – 18 жеңімпаз, спорт – 13, қоғам – 30, медицина – 18, мәдениет – 10 және бизнес аталымы бойынша – 13 жеңімпаз белгілі болды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы арқылы ел­імізде мақтан етуге де, ­ө­скеле­ң­ ұ­рпа­ққ­а ү­лгі етуге де лайық­ты мың­да­ғ­ан  жанның бар екеніне куә болды­қ­. Расында да бұл жеңімпаздар әрқайсысы өзгеге үлгі боларлық адамдар. Солардың ішіндегі Анар Әбжанованың да алар орны ерекше.

Анар Әбжанова 1986 жылы қарашаның 18 күні Алматы қаласында дүниеге келді. Ол тумысынан саңырау болды, алайда сурет салуға деген құлшынысы оның өмірлік жолын айқындап берді. Анар жеті жасында ым-ишарат тілі мен ерінмен сөйлеуге үйрететін нашар естушілер мектебіне барды. 1998 жылы анасы оны суретшілер Алексей Уткин мен ГаБо Кусаинов басқаратын саңырау балаларға арналған бейнелеу өнерінің студиясына апарады. Онда дарынды қыз жеті жыл ішінде сурет салуды, білезікті кәсіби түрде жасауды меңгерді. 2004-2007 жылдары Анар Т.Жүргенов атындағы көркем –сурет колледжін қызыл дипломмен бітірді, 2007-2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Қоңдырғылы кескіндеме» мамандығы бойынша білім алып, осы оқу орнын үздік аяқтады, ал 2012-2014 жылдары аталған қара шаңырақты «Кескіндеме» мамандығы бойынша магистратура бөлімін бітірді.

Анар Әбжанова өз туындыларын өзімізде ғана емес шет елдерге де мойындатқан, ұстаздық пен өнерді үйлестіре білген суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Кескіндеме» кафедрасының құрметті оқытушысы. Өнер иесі суреттен сабақ бере жүріп, көп уақытын шығармашылығына арнады, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, шеберлігін шыңдады. Оның туындылары көптеген халықаралық байқаулар мен көрмелерге қойылып, жүлделі орындарды иеленді. Мұндай жетістікке ол өз білімі мен қаржылы еңбегінің арқасында жетіп отыр.

Кескіндеме және графика өнерін терең меңгерген Анар Әбжанова композициялық жағынан елден ерекше, таң қаларлық туындыларды жасайды. Оның қылқаламы халық пен тіршілікке толы қаланың өмірін де, тыныштық тұнған тамаша табиғатты да еркін бейнелей алады. Сонымен қатар жыл мезгілдерін суреттеген кезде де, оның әрқайсына тән көңіл күйді шебер жеткізе біледі.

Анардың шығармашылығына тәнті болатын адамдардың айтуынша, оның жұмыстары позитивті көңіл күй мен жағымды эмоцияларға толы. Себебі суретшінің өзі де жайдары мінезімен, адамды бірден баурап алатын жылы жүзімен көпшіліктің көңілінен шыға біледі. Сондықтан да оның әрбір шығармасында өмірге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға деген мейірімділік, адамдар мен барлық тіршілік атаулыға деген қамқорлық сезіліп тұрады.

Сізге қызық болуы мүмкін: