II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кино фестивалі 15-қыркүйек күні дәстүрлі түрде Көк Төбе демалыс саябағында басталып, бүгін өз мәресіне жетті. Екі күннің ішінде конкурстық бағдарлама бойынша үлкен экраннан қазақстандық режиссерлердің 35 (20 көркем, 8 анимациялық, 7 деректі) фильмі көрсетілді. Байқауға қатысушылардың арасында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазҰӨУ, "Тұран" университеті, Нью-Йорк кино академиясы, "Сталкер" мен "Action" киномектептерінің студенттері мен түлектерінің және әуесқой режиссерлердің жұмыстары бар.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
- Фестивальдің қорытындысы бойынша Бас жүлдені – Баймұрат Жұмановтың "Жесткий тип" фильмі иеленді.
- "Үздік режиссер" номинациясы – Ербол Бораншы, "Пәтер" фильмі;
- "Үздік оператор" номинациясы – Тұран Мұрал, "Малыбайдағы оқиға" фильмі;
- "Үздік қоюшы-суретші" номинациясы – Бекен Нарбай, "Куб" фильмі;
- "Үздік сценарий" номинациясы – Олжас Ахметов, "6-пәтер" фильмі;
- "Үздік экперименталдық фильм" номинациясы – Сәбит Әбді, "Ғайша" фильмі;
- "Үздік деректі фильм" номинациясы – Жайық Белқожаев, "Мен оралдым" фильмі;
- "Үздік анимациялық фильм" номинациясы – Тоғжан Байсабаева, "Сиқырлы бақша" фильмі;
- "Үздік актриса" номинациясы – Перизат Маденова, "Шыңырау" фильмі;
- "Үздік актер" номинациясы – Ерболат Ержанов, "Достар" фильмі;
- "Қазылар алқасының арнайы жүлдесі" – Самғар Рақым, "Малыбайдағы оқиға" фильміне табысталды.
Сонымен қатар, кинофестивальдің ресми бөлімінен тыс:
- "Бродвей" таңдауы арнайы сыйлығы – Асылхан Шәкенов, "Кішкентай қаладағы оқиға" фильмі үшін және Айша Шаймерденова, "Мен саған сенемін" фильмі үшін марапатталды.
- Нью-Йорк фильм академиясының арнайы сертификаты – Бигелді Әбдібеков ("Мади" фильмінің режиссері) табысталды.