Молдияр Ергебеков, кино және медиа зерттеулері бойынша білімін Түркияның Анкара университеті, қоғамдық әлеуметтік ғылымдар институты, радио-теледидар және кино бөлімінде алды. Оның докторлық диссертациясының тақырыбы Қазақстан ұлттық мемлекетінің құрылу тәжірибесі мен бұл үрдістің қазақ киносындағы алар орны жайында болды. 2010 жылы диссертациясын қорғаған Ергебеков, сол жылы Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясына жұмысқа орналасып Қазақстандық шәкірттерге дәріс оқи бастайды. Арадан бір жыл өткеннен соң Бішкектегі Қырғызстан-Түркия Манас университеті дәріс оқуға шақырды. Осылайша Ергебеков бір жыл бойы Алматы мен Бішкектің арасын жалғастырды. 2012-жылы Америка Құрама Штаттары, Юта штатының астанасы Солт Лейктегі Юта университетінің саяси ғылымдар бөлімі Ергебековті дәріс оқуға шақырды. Орта Азиядағы мәдени трансформация және Орта Азия киносы тақырыптарында бір жыл бойы АҚШ-тық докторанттарға дәріс оқып, 2013-жылы Түркияның Газиантеп мемлекеттік университетіне жұмысқа тұрды. Осыншама халықаралық тәжірибені жинақтаған Ергебеков 2014-жылы елге оралып СДУ-дің журналистика кафедрасында еңбек етуде.
Ергебековтің ғылыми зерттеу алаңы – кино және медиа. Соның ішінде әсіресе Орта Азиядағы киноның даму жолы, Орта Азия халықтары мен мемлекеттерінің жаһандану кезеңіндегі мәдени және қоғамдық трансформациялары, Орта Азиядағы ұлтшылдық пен гендерлік жағдай, кино, әдебиет, медиа және жалпы өнер теориялары Ергебековтің ғылыми қызығушылық алаңы болып табылады.