«Өзен» фильмі Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды

Эмир Байғазин түсірген «Өзен» («Река») фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» (Горизонты) бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.
«Өзен» фильмі Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. «Көкжиектер» атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем  18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалінің жеңімпаздарын 8 қыркүекте жария етті.

Атаулы «Үздік режиссер» жүлдесін – «Арыстанды» – фестивальдің марапаттау салтанатында Польша ко-продюсерінің өкілі Агнешка Пучило алды. Режиссер Эмир Байғазин марапаттау рәсіміне қатыса алмады, өйткені ол «Өзен» фильмін Торонто кинофестивалінде таныстыру үшін Канадаға арнайы барған болатын ( «Өзен» фильмі негізгі конкурстық «Платформа» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі).

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар, картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияның соңғы бөлімінің (трилогияның алғашқы екі бөлімі -  «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдері) жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ,  Польшаның кино институты және Sorfond  (Норвегия)  атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесерінен кейін Батыстың әлемге әйгілі басылымдары «Өзен» фильмі туралы жарыса жазып, оң пікірлерін білдіріп жатты: 

Hollywood Reporter: 

«Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады.  Композициясы өте үйлесімді, оның образдыр үйдің интерьерінде , ауылдық экстерьерінде, тіпті  экпанситві сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады.  Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомадаған. Камераның қозғалуы да аз.

«Өзен» - арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды». 

Screen Daily

 «Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы Трилогиясының («Уроки гармонии» , 2013, және «Раненый ангел», 2016)соңғы бөлімі – «Өзен» фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды.

Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар».

Cineuropa

«Өзен» фильмі Көкжиектер» бағдарламасындағы ең визуалды эстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті».

«Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр.  Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп,  әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды инструментке айналады. Фильмнің образы – шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді.  Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен  алшақ  дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінге күнге көрініс».  

Nonsolocinema

«Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранада өмірдің шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардың тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттың бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз».  

NOW

«Бес ағайындының өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көреременнің шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін  бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таң қалатыныңыз ғажап емес».

Cinemascope

«Эмир Байғазин»  сезімталдылық пен сабырлылық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияның барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды».

IONCINEMA

Эмир Байғазин көне дәстүрлердің заманауи әлеммен қақтығысының портретін ашып беріп отыр.

Багазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанның таныстырылым ретінде көрсетті.   

Cinematografo

«Өзен» көрерменді магия мен реализмге арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм».

Естеріңізге сала кетсек, Эмир Байғазиннің алғашқы дебюттік жұмысы «Асланның сабақтары» фильмі Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет  63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктелініп, «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды (2013). Трилогияның екінші бөлімі –«Төрт оқиға» фильмі де Берлин кинофестивалінің Panorama Special бағдарламасы шеңберінде алғаш көрсетілді (2016). 2018 жылы тамыз айында Эмир Байғазин Румынияда өткен Anonimul  кинофестивалінде «Кино саласының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесімен марапатталды. Айта кетсек, осы фестиваль шеңберінде режиссердің ақ-қара түсте түсірілеген «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінің тұсаукесері өткен болатын.