Музыка / 20.11.2016
Мұрат Әбуғазы. Домбыра аспабының шығу тегі жайында
Алтайдан Анадолыға дейінгі түркі халықтарында домбыра аспабы кең таралған. Түркі тілдес халықтардағы домбыра тектес шертпелі аспаптарды қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт – домбыра, тәжік – домбурак, бурят – домбро, монғол – домбор, түрік – томбра, телеуіт – комыс, шор – қобус, қырғыз – қомуз, қырым татарлары – қобуз, хақас – хомус, алтай – топшур, тува – топшулур, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр – дутар деп айтады