ПОРТАЛ ЕРЕЖЕЛЕРІ мен ҚОЛДАНУШЫ ШАРТЫ

  1. АТАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АНЫҚТАМАЛАР
    1. Қолданушы – oner.kz домендік кеңістікте ақпарат алатын тұлға.
    2. Пайдаланушы – жеке аккаунт ашқан қолданушы.
    3. Портал – бағдарламалы-техникалық құрал, және де oner.kz домендік кеңістікте орналасқан мәтіндік, графикалық немесе дыбыстық форматтағы Интернет желісінде жарияланатын ақпарат.
    4. Портал сервистері – Қолданушыларға арналған Порталдың функционалды мүмкіндіктері.
    5. Жеке аккаунт – Портал серверлерінде сақталатын Қолданушының Аутентификациялық және Жеке деректері.
    6. Контент – Порталда жарияланатын зияткерлік іс-әрекеттің нәтижесі (соның ішінде: музыкалық туындылар, әдеби туындылар, аудио-бейне туындылар, фонограммалар, суреттер, мәтіндер, тауарлық белгілер және қызмет көрсету белгілері, сауда белгілері мен бренд атаулары, логотиптер), гипермәтіндік сілтемелер, олардың фрагменті, виджеттер және өзге де объектілер.
    7. Қолданушы контенті – Қолданушы өз еркімен жариялайтын Порталдағы Контент (Қолданушы пікірін қоса).
    8. Жеке парақша – Порталдың техникалық мүмкіндіктерінің арқасында Қолданушы Жеке аккаунт ашқаннан пайда болатын, Қолданушының Жеке деректері орналасқан бет.
    9. Жеке деректер – ерікті және өтеусіз Жеке парақшада орналастырылатын шынайы, толық және өзекті ақпарат. Бұл ақпарат Қолданушы Порталда Тіркелу кезінде беріледі, және Қолданушының аты-жөнін, электронды поштасы мен бөліскісі келген тағы басқа мәліметтерді қамтыйды.
    10. Тіркелу – Порталда Жеке аккаунт ашу процессі. Тіркелу кезінде Қолданушының Аутентификациялық деректерінің негізінде Порталдың келесі функционалды мүмкіндіктері қол жетімді болады: Редакция немесе басқа Қолданушылар жариялаған Контентті бағалау мен пікір қалдыру, Портал ережесіне сәйкес өз Контентіңізді жариялау.
    11. Аутентификациялық деректер – Жеке парақшаға кіру мүмкіндігін беретін Қолданушының бірегей идентификаторы. Аутентификациялық деректерге Қолданушының электронды поштасы мен құпия сөз жатады.
    12. Рұқсатсыз кіру – Аутентификациялық деретерді үшінші жақтың қолдануы.
    13. Редакция – Порталдың қолдану тәртібін белгілейтін, жұмысын басқаратын және осы Шарттың орындалуын бақылайтын уәкілетті тұлғалар.
  1. ПОРТАЛДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
    1. Осы Ереже Қолданушы мен Редакция арасында келісілген заңдық міндеттеме болып табылады. Осы Ережеден басқа жарияланған Интернет желісіндегі Портал бөліміне сәйкес және Порталдың жекелеген қызметтер көрсетуін реттейтін барлық арнайы құжаттар Қолданушылар мен Редакция арасындағы келісімге бағынады.
    2. Қолданушы Порталға тіркелгенге дейінгі уақытта осы Ережемен толығымен танысуға міндетті. Қолданушының Порталда Тіркелуі – бұл Қолданушының осы Ережені толық және сөзсіз қабылдауы болып есептеледі.
    3. Осы Ереже қандайда бір арнайы хабарландырусыз бір жақты тәртіппен Әкімшілік тарапынан толықтырылуы және/немесе өзгертілуі мүмкін. Бұл Ереже ашық әрі жалпы қолжетімді құжат болып табылады. Қолданушының Портал Ережесінің өзгерістері және/немесе толықтыруларына келісіп әрі қарай қолдануы Портал пайдаланушының Ережемен кейінгі енгізілген өзгерістер және/немесе толықтыруларды қабылдағанын білдіреді.
    4. Қолданушы осы Ереженің қандай да бір шартымен келіспеген жағдайда Пордалды дереу қолданбауға келіседі және wikiart.kz домендік кеңістігіндегі парақшаларға кіруге тыйым салынады.
  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Ереженің әрекеті барлық Қолданушыларға таратылады (яғни, Порталға кіруде оған кіруді жүзеге асырушы немесе басқа түрде қонақ не тіркелген пайдаланушы ретіндегі қолданушылар)
    2. Порталға кіру және/немесе оның материалдарын қолданылу арқылы, Сіз айтылған Ережелермен толықтай келісесіз.
    3. Қолданушының Порталға тіркелуі ақысыз әрі еркін болып табылады.
    4. Порталға тіркелу барысында Қолданушы өзінің дербес парақшасының құрылуы үшін қажетті нақты және өзекті мәліметтерді әрбір қолданушының бірегей логинін (электрондық пошта адресі), Порталға кіретін құпия сөз рұқсатын, сонымен қатар аты-жөнін беруге міндетті. Порталдың тіркелу формасын Қолданушыдан қосымша ақпараттар негізінде сұралуы мүмкін.
    5. Қолданушы тіркелу барысында мәліметтің нақтылығы, өзектілігі, толық және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәлдігіне және үшінші бір тұлғаның наразылығынан таза болуына жауапты болады.
    6. Қолданушы Порталда бір Жеке аккаунттан артық тіркелу жасай алмайды.
    7. Тіркелу барысында Қолданушы осы Ережелермен келісіп, Порталды қолдану және қызметіне байланысты оларда көрсетілген құқық және міндеттерді қабылдайды.
    8. Қолданушы Порталда сәтті тіркелуден кейін, Әкімшілік осы Ережелерде көрсетілген Қолданушының құқық және міндеттерін өзіне қабылдайды.
    9. Осы Ережелерді Порталға тіркелу арқылы қабылдай отырып, Қолданушы тіркелу барысында өзінің жеке парақшасында өз еркімен орналастырған деректерінің, Редакция тарапынан өңделуіне келіскендігін растайды. Қолданушының жеке мәліметтерін өңдеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
    10. Портал Әкімшілігі көрсетілген Ережелерді кез-келген уақытта Қолданушыға алдын-ала не кейін хабарламастан толықтыруға және өзгертуге құқылы.
    11. Ережелерде көрсетілмеген жағдайларда Редакция өз бетінше әрекет етуге құқылы.
  1. ҚОЛДАНУШЫ МІНДЕТТЕРІ
    1. Осы Ереже және басқа да Редакцияның, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасы жағдайын сақтауы қажет.
    2. Тіркелу кезінде дұрыс, толық және өзекті мәліметтерді, олардың өзектілігін қамтамасыз ету.
    3. Редакцияны рұқсат етілмеген жеке парақшаға рұқсат және/немесе Қолданушы логині мен құпия сөзді қолдану және/немесе рұқсат етілмеген байланыс туралы хабардар ету.
    4. Жеке парақша немесе жеке оған қатысты ақпаратына бір нәрсе болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және/немесе осы Ереже мен Редакцияның арнайы құжаттарына қайшы келтірген жағдайда басқа Қолданушыға рұқсат етпеу.
    5. Басқа тұлғаның құқығы мен мүдделерін бұзған (оған сілтеме жасау арқылы), жеке парақшаға ақпарат пен объектілерді орналастыру.
    6. Ақпараттар мен объектілерді жарияламастан бұрын (бірақ басқа тұлғаның суретін әр түрлі тақырыптағы бөтен мәтін, аудио-бейне туындыларды қоса алғанда) алдын-ала оны орналастыру заңдылығын тексеріп бағалау.
    7. Басқа Қолданушылар мен үшінші тұлғаға танымал болған басқа да Қолданушылардың қарым-қатынасы нәтижесінде және басқа да Портал қолданушыларының жеке мәліметтері (бірақ үй мекен-жайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекен-жайы, ICQ, паспорт мәліметтері мен банктік ақпараттарды қоса алғанда) және басқа Қолданушының жеке өмірі туралы және соңғы алдын-ала рұқсат етіліп сәйкес болмаған үшінші тұлғаның құпиясын сақтау, жарияламау;
    8. Қолданушы өзінің жеке парақшасындағы ақпараттарды сақтау үшін қажетті резервтік көшірмесін іске асыруға міндетті.
  1. ПОРТАЛДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
    1. Порталда жарияланған кітаптарды, пьессаларды жүктеу.
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін немесе оны қылмысқа итермелейтін хабарламаларды жариялауға және тақырыптарды талқылау.
    3. Әлеуметтік қақтығыс, ұлттық, нәсілдік, жыныстық, діни, сонымен қатар өшпенділік пен алауыздық хабарламаларын жариялау.
    4. Зорлық-зомбылық туралы материалдарды жариялау.
    5. Ар-намысты қорлауға итермелейтін, сондай-ақ адамдардың ұлттық және діни сезімдерін балағаттаушылық пен цензуралық емес сөздер мен басқа да сөздерді қолдануға (кез-келген тілде, кез-келген кодта, кез-келген хабарлама бөліктері — тақырыпта, мәтінде, қолтаңбалар және т.б.).
    6. Орфографиялық жағдайды әдейі бұзуға, БаС жӘнЕ кІшІ әріптерді алмастыру, пікірлерді БАС әріптермен жазу ("капслокпен").
    7. Қолданушыны жеке қорлауға шақыратын хабарламалар мен пікірлер қалдыруға.
    8. Портал Редакциясының келісімінсіз тауарлар мен қызметтер және басқа да өнімдерді жарнамалау.
    9. Сыртқы интернет-ресурстарға сілтеме жасау (Редакцияның келісімінсіз).
    10. Автоматтандырылған Портал Қолданушыларының басқа да ақпараттары мен электрондық пошталары немесе жөнелтулік (рассылка) мақсатта сұралмаған пошталар (спам) мен басқа да қажетсіз ақпараттарды жию мен жинақтау.
    11. Кез-келген тәсілмен, оның ішінде бұзу мақсатында тұлғаның еркіне қарамастан бөтен аккаунтқа кіру үшін тырысып қатысу.
    12. Спамды, кез-келген басқа қауіпті ақпараттарды тарату.
    13. Кез-келген материалды жариялауға, Қолданушы құқығын немесе үшінші тұлғаның зияткерлік меншігін айрықша бұзуға тыйым салынады.
  1. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
    1. Сайт мазмұны оның иегерлерінің айрықша құқықтарының объектісі болып табылады.
    2. Сайттың Мазмұнның иесінің жазбаша келісімінсіз Сайттың Мазмұнның қандай да бір бөлігін пайдалануыңызға қатаң тыйым салынады.
    3. Мазмұнды енгізу арқылы, осы Келісімнің шарттарына сәйкес Пайдаланушы мазмұнды енгізу үшін қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екендігіне кепілдік береді.
    4. Мазмұнды орналастыру арқылы, Пайдаланушы сайт иелеріне мазмұнды қайталауға, көпшілікке жариялауға, қайта өңдеуге, аумақ пен мерзім шектеусіз, пайдаланушыға сыйақы төлемісіз айрықша емес құқық береді. Пайдаланушымен енгізілген мазмұн Сайттың кез келген басқа бөлімінде  пайдаланылуына болады.
    5. Мазмұнды орналастыру арқылы, Пайдаланушы кез келген қонақты мазмұнды коммерциялық емес мақсатта қолдануына айрықша емес құқықпен қамтамасыз етеді.
    6. Пайдаланушы мазмұнның енгізілуі мен жариялануына байланысты барлық зардаптар үшiн жауапты болып табылады.
    7. Пайдаланушы иеленуші редакцияның Сайтқа қарасты құқықтарын (барлық компоненттерін қоса алғанда) бірыңғай объект ретінде таниды.
    8. Сайт мазмұнын қолдану мүмкіндігі сайт қонақтары мен пайдаланушылардың коммерциялық емес, тек танымдық мақсатта пайдалануларын ғана қарастырады.
    9. Редакторлар сайтқа енгізілген мазмұнның тұтастығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты емес.
    10. Пайдаланушының мазмұн құқықтарын беруге қатысты шарттары аталмыш Келісімнің күші жойылғаннан кейін де сақталады.
  1. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ
    1. Редакция сайттың пайдаланушыларының сайтқа кіру тәсілдері мен сайтты қолдануға арналған қосалқы құралдарды бақылауға, сайтқа енгізілген мазмұнның пайдаланушыларға тигізген әсерін қадағалауға, мазмұнға қатысты сайт пайдаланушылар мен қонақтарының қандай пікір қалыптастыруына қатысты кез келген шаралар қабылдауға міндетті емес. Сайтта пайдаланушылар мен сайт қонақтарына үрей тудыратын немесе жөнсіз болып көрінетін басқа сайттарға тікелей сілтемелер болуы мүмкін. Редакция сайт қызмет көрсету қосымшалары арқылы қосылған мұндай сайттардың қолданушылардың айрықша құқықтарын сақтауына және ондай сайттардағы жарияланған материалдардың заң ережелерін сақтануына жауапты емес.
    2. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келісім шарт болмаған жағдайда редакция  пайдаланушылар берген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін (барлық мүмкін шараларды қолданғанына қарамастан) міндетті емес.