Тақырыбы: «Өнер таңқалдыруы керек: қолдау немесе қарсы болу».
Суретшінің заманауи құндылықтар өлшеміндегі орны. Өнерде гендерлік айырмашылықтарға орын бар ма, және аса ер және аса әйел шығармашылық көзқарасы нені анықтайды? Қазақстандық және әлемдік трендтердің суретші Гуля Громова-Джумагаридің туындылары мысалында талқылауы.
Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы – KeremetArt.kz. жобасы
Алматыда, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2-28 қазанға дейін Гуля Громова-Джумагаридің «Тепе-теңдіктегі ойын» жеке көрмесі өтетінін еске саламыз, онда автордың 40 жуық туындысы ұсынылған. Суретшінің көзқарасы бірнеше топтамаларда көрініс тапқан: «Күнәлар қаласы», «Бұл махаббат», «Портреттер», «Уақыт», «Таңдау» және басқалары.
Сарапшылар атап өткендей, Громова-Джумагаридің әрбір шығармасында терең философиялық мағына және бірқатар психологиялық астар жасырылған. Автордың сөзі бойынша, барлық көркемдік сюжеттер, қуаныш пен қайғы, өмір мен өлім, адалдық пен зұлымдық сияқты адами сезімдер мен түсініктер қоршаған шындықтың көрінісі болып табылады.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 10 – 14 қазан аралығында Гуля Громова-Джумагари Ташкенттегі VIII Халықаралық Биенналеде бейне, аудио және дәстүрлі көркемдік өнерді біріктірген «Доминанттық бастаудың рефлекстелген қиялы» инсталляциялық триптихті ұсынғанын атап өткен жөн.
– Бұл туынды тұтыну дәуіріне арналған, – дейді Громова-Джумагари.
– Инсталляцияның, яғни көркемдік шығарманың орталық бөлігін жасаған кезде дактилология әдісі қолданылды. Керең-мылқаулардан айырмасы, мұнда қолдың әрбір қозғалысы нақты бір әріпті білдіреді. Және әрбір әріп үлкен қуат пен мағына беретін киелі нышанды береді...
Гуля Громова-Джумагари Ферғанада (Өзбекстан) туған. Халықаралық суретшілер федерациясының (IFA) және Өзбекстан суретшілер академиясының мүшесі. 2008 жылдан Алматыда (Қазақстан) тұрып, еңбек етеді. Көптеген, аймақтық көрмелердің қатысушысы.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды дөңгелек үстел мен көрмеге қатысуға шақырамыз.