"Күлтегін" толықметрлі анимациялық фильмі прокатқа шығады

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы интернетке «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильмінің бірінші трейлерін салды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жарыққа шыққан бұл туынды жалпыұлттық прокатқа қарашаның 22-сінен бастап шығады.
"Күлтегін" толықметрлі анимациялық фильмі прокатқа шығады

Жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.

- «Күлтегін» фильмі ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі, бірлігі мен ауыз біршілігі туралы. Күлтегін- бұл тұтас бір дәуірдің тарихи тұлғасы. Сондықтан да біздің басты мақсатымыз – сол кездегі мәдениетті  ашып көрсету ғана емес, сонымен қатар мультипликация арқылы жас көрермендеріміздің тарихқа деген қызығушылығын арттыру, - деді Адай Әбілда.

Жас ұрпақты мейірімді, қайырымды болуға, сонымен қатар Отанды сүюге тәрбиелеуді алдына мақсат қойған режиссер Адай Әбілданың осыған дейін де түсірген қысқаметражды фильмдері  көптеген Халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, жүлделі орындардан көрінген.

Өкінішке орай, бүгінде отандық телеарналар негізінен балаларымыза теріс тәрбие беретін шетелдің мультфильмдерін көрсетіп жүр. Соңғы кездері балаларды мейірімділікке шақыратын мультфильмдер жоқтың қасы.  Ол фильмдерде әдемі ашық бояулар да, жарылыстар да, қызықты кейіпкерлер де бар, бірақ ең бастысы – мән-мағынасы жоқ. Әдемі қағазға оралған  кәмпит сияқты, ал ішінде ешнәрсе де жоқ. Бұндай үрдісті тоқтату қажет. Өзімізді ұлттық кейіпкерлеріміз керек, - деді режиссер.

[video width="640" height="352" mp4="https://www.oner.kz/content/uploads/2018/11/Kultegyn.mp4"][/video]

Фильм туралы:Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеңіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы атанады.

Ұзақтығы: 60 минут
Тілі:қазақ тілінде
Қоюшы режиссер: Адай Әбілда
Сценарий авторлары: Адай Әбілда, Жәнібек Нұрбекұлы
Қоюшы суртшілер:Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Әбілда

Композиторы:Әсет Дәненов

Дыбысрежиссері: Евгений Селюков

Редакторы:Салтанат Дүнгенбаева

Кеңесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов

Продюсер: АдайӘбілда

Директоры:Айбике Рақымжанова

Аниматорлар:АбзалИнсебаев, Қуаныш Нағгыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, ҚасиетСақиолла, ЕрмекМананбаев, ЖақсыбекКәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, ГүлжанҚаділбек, Мариям Қалибек, ТемірланКенжеғалиев, КұнанбайӘбелдинов, Жанәділ Байдарбек, ШыңғысСапар

Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Әжібеков, АзаматҚанапия, БақытжанЖармұхамбетов, ГүлназӘуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, НүкетайМышбаеважәне басқалары.

Режиссер туралы:

Абай Әбілда Павлодар облысында дүниеге келді. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Режиссер-аниматор, өнертану магистрі, «Astana film» ЖШС құрылтайшысы және директоры, Мемлекеттік «Дарын» жастар жүлдесіні лауреаты, халықаралық «Жастар»  шығармашылық жастар фестивалінің лаураеаты, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі.

Фильмографиясы: «Қоңырау» (2009 ж.), «Мико» (2009 ж.), «Аңшы» (2010 ж.), «Көкбалақ» (2011 ж.), «Жерұйық» (2013 ж.), «Кілем үстіндегі қала» (2014 ж.), «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі, «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі (қоюшы суретші).

Жүлделері: «Үздік студенттік жұмыс» («Шәкен жұлдыздар» ХКФ, 2009), «КРОК» фестивалінің жүлдесі (Мәскеу, 2010),«Ислам киносы» фестивалінің жүлдесі (Казань, Татарстан, 2011), «Бастау»ХКФ бас жүлдесі (Алматы,2011),  «Карлыгаш»кинофестивалінің жүлдесі (Алматы, 2016).