Эмир Байғазиннің «Өзен» және «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмдерінің қазақстандық тұсаукесері өтеді

Норвегияның астанасында қазақстандық режиссер Эмир Байғазин фильмдерінің ретроспективасы өтті. Осло қаласында қарашаның 13-і мен 18-і аралығында өткен 28-ші Films from the South кинофестивалінің «Режиссердің ерекше портреті» бағдарламасы аясында Эмир Байғазиннің ретроспективасы ұйымдастырылды. Отандық режиссер «Өзен» және «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмдерінің көрсетілімдеріне қатысып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Эмир Байғазиннің «Өзен» және «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмдерінің қазақстандық тұсаукесері өтеді

- 2013 жылы Берлин кинофестивалінде «Асланның сабақтары»  фильмін көрдім. Бұл туынды, мен үшін, үлкен құбылыс болды. Эмирдің нағыз талантты режиссер екенін сол кезде-ақ білдім. Сондықтан да Films from the South фестивалі шеңберінде режиссердің фильмдерін көрсетіп отырмыз. Эмирдың фильмдерін көру, мен үшін, нағыз өнермен танысумен тең, - деді фестиваль директоры Лассе Скаген.

Эмир Байғазиннің соңғы екі фильмдерін қазақстандықтар да көре алады. Режиссердің «Өзен» фильмі бүгін, 19 қарашада, 14-ші Халықаралық Ш.Айманов кинофестивалі аясында көрсетіледі. Ал оның «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» туындысын 22 қарашада «CLIQUE» фестивалінде көруге болады.

Айта кетсек, үстіміздегі жылдың тамыз айында Румыниядағы Anonimul  кинофестивалінде Эмир Байғазиннің ретроспективасы ұйымдастырылған болатын. Бұл фестивальде отандық режиссерге «әлемдік кинематографтың әсемділігіне жеткен жетістігі үшін» жүлдесі табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, «Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Бұл фестивальдің «Көкжиектер» бағдарламасында Эмир Байғазин үздік режиссер атанды. Ал фильмнің Солтүстік Амирикадағы тұсаукесері үстіміздегі жылы қыркүйек айында Халықаралық Торонто кинофестивалі аясында өтті. Кинотуынды фестивальдің «Тұғырнама» («Платформа») конкурстық бағдарламасында  көрсетіліп, қазылар алқасының құрметті аталымына және Screen Daily тәуелсіз киносыншылардың рейтингісі тізімінде алдыңғы қатардан көрінді. Жыл сайын өтетін 12-ші Asia Pacific Screen Awards салтанатында «Өзен» фильмі «Режиссурадағы табысы үшін» сыйлығымен марапатталды. Фильмнің азиялық тұсаукесері Токио кинофестивалінің конкурстық бағдарламасы аясынды өтті. Ал Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде «Өзен» фильмі қазылар алқасының жүлдесіне – «нағыз кино тілімен бейнеленген көңіліңді бірден баурап алатын фильм» жүлдесіне ие болды. Одан бөлек, Эмир Байғазин Голливудтың шетел баспасөзі қауымдастығының грантына ие болды.

Эмир Байғазин «Өзен» фильмінде режиссер ғана емес, сондай-ақ сценарий авторы, қоюшы оператор, бас продюсер міндетін атқарды. Тіпті, бұл фильмнің монтажын өзі жасаған.

Фильмнің жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants). Бұл туынды сценарий кезінде  MPA APSA Азия-Тынықмұхиттық киноассоциациясы грантының  қолдауына ие болды. 2017 жылы маусым айында бұл жоба алғаш рет Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінің кинонарығында танысытырылып, ол жылы қыркүйекте киножоба Варшава халықаралық кинофестивалі кинонарығында Pitch and Meet жобалар байқауында бірінші орынды иеленген болатын. Картинаның пост жұмыстары 2018 жылы жаз айында Польша кинематография институтының қаржылай көмегімен Варшавадағы Orka және Dreamsound студияларында жүргізілді.

«Өзен» фильмі туралы  жазылған әлемге әйгілі басылымдардағы мақалалардан  үзінділер:

The Japan Times

«Өзен» фильмі - ең батыл көркем фильм десек, қателеспейміз. Бұл туындыны жазған да, түсірген де, монтаждаған да, продюсерлік еткен де жалғыз адам, ол – Эмир Байғазин. Авторитарлы әкесінің тәрбиесін алған бес ағайындының өмірі баяндалады.

Hollywood  Reporter
Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады.  Композициясы өте үйлесімді, оның образдыр үйдің интерьерінде , ауылдық экстерьерінде, тіпті  экпанситві сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады.  Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомадаған. Камераның қозғалуы да аз.
«Өзен» - арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды

 

Screen Daily
«Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы Трилогиясының («Уроки гармонии» , 2013, және «Раненый ангел», 2016)соңғы бөлімі – «Өзен» фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды.
Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар».

Cineuropa
«Өзен» фильмі Көкжиектер» бағдарламасындағы ең визуалды эстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті».
«Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр.  Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп,  әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды инструментке айналады. Фильмнің образы – шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді.  Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен  алшақ  дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінге күнге көрініс».

Nonsolocinema
«Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранада өмірдің шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардың тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттың бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз».

NOW

«Бес ағайындының өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көреременнің шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін  бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таң қалатыныңыз ғажап емес».

Cinemascope
«Эмир Байғазин» –  сезімталдылық пен сабырлылық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияның барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды».

IONCINEMA
Эмир Байғазин көне дәстүрлердің заманауи әлеммен қақтығысының портретін ашып беріп отыр.
Багазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанның таныстырылым ретінде көрсетті.

Cinematografo
«Өзен» көрерменді магия мен реализмге арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм».