Кітаптың алғы сөзінде: «Негізінен өңірдегі театр өнеріне еңбегі сіңген тұлғалар жайлы естелік, мақалалар енген бұл кітабым – бір жағынан жиырма жылдық еңбек өтілімнің есебі де болып табылады. Сондықтан «Театр. Тарих. Тағылым» атты еңбегімнің бір бөлігі –жеке өмірім, еңбек жолым мен өзім және отбасымның шығармашылығына да арналған. Театр әлеміне тек бір адамның ғана көзімен үңілмес үшін бұл жинаққа актерлер мен қойылымдар жайлы өзге авторлардың (негізінен журналистердің) да мақалаларын енгіздім. Төл театрымыздың тарландары жайлы бұл кітап – белгілі бір дәрежеде театр тарихының жылнамасы, театр өнері үшін қызығушылық танытқан жас талапкерлер үшін үлгі-өнеге бола отырып, театр тарихы туралы хабары һәм қызығушылығы артуы себебінен көрермендер санының артуына да өзіндік үлесін қоса алады деген ойдамын»,- дейді автор.
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының құрылғанына ширек ғасыр толуы қарсаңында жарық көрген бұл еңбек, театр тарихының жылнамасы іспеттес өнер сүйер қауымға арналған.
Сәкен Әбілхалықов