«Читки.» жобасы: қысқа формадағы жаңа драма

12-13 желтоқсанда «Трансформа» кеңістігінде заманауи авторлардың пьесаларының оқылымы болады. Іс-шара Алматылық театр сыншысы, драматург Ольга Малышеваның бастамасымен жүзеге асқалы отырған «Читки.» жобасының тұсауын кескелі отыр.
«Читки.» жобасы: қысқа формадағы жаңа драма

Жоба авторы ұдайы әр елдің заманауи драматургтерінің ең қызықты туындыларын таңдап алып, кәсіби және кәсіби емес әртістердің қатысуымен өтетін актерлік оқылым (читка)  форматында ұсынатын болады.

Оқылым - бұл драмалық мәтінді тікелей парақтан, жіті түсіндірусіз және қосымша көркем құралдарсыз таныстыру формасы. Мұнда костюм мен декорация, режиссерлік әдіс және ектерлік шешімдер жоқ. Пьеса көрерменге драматургтің айтар ойына барынша жақын түрде жеткізіледі.

Әрбір «Читки.» соңына арнайы атау қосылып отырады. Желтоқсанда әрбір ұсынылған пьесада дастархан басында өтетін сахналар болады. Бұл оқылымдар  мерекелік «Читки. Пир» деп аталады. Бірінші «Читки.» қатысушылары Ринат  Ташимов (Екатеринбург) және Юрий Бартенев (Ташкент-Гревен).

12 желтоқсан. Ринат Ташимовтың «Алғашқы нан» («Первый хлеб») пьесасының оқылымы.

«Алғашқы нан» («Первый хлеб») - бұл трагедиялық оқиға. Бірақ, соның өзінде әзілге толы. Ринат Ташимов шығыстық дүниетанымның барлық ерекшелігін нақты көрсеткен, және біз әрбір сөзден өзімізді байқаймыз.

Ринат Ташимов (Екатеринбург) - «Коляда-театрының» актері, заманауи драматургия Орталығының режиссері, драматург,  фестивалдар қатысушысы, драматургия бойынша байқаулар лауреаты.

13 желтоқсан. Юрий Бартеневтің «Ескі дос Хэнк» («Старина Хэнк») пьесасының оқылымы.

«Ескі дос Хэнк» («Старина Хэнк») пьесасы егер антикалық кейіпкерлер Икар мен Дедал Батыс Америка әлеміне еніп кетсе не болатыны туралы баяндайды. Көне Грек мифтерінің хрестоматиясынан да қорқынышты оқиға пайда болады.

Юрий Бартенев (Гревен) актер, режиссер, драматург ретінде Ташкенттегі «Ильхом» театрында жұмыс істеген. Қазір Германияда Гревен қаласында тұрады.

Пьесаны өздерін «тәуелсіз актерлердің шығармашылық достастығы» деп атайтын жылжымалы труппа «Қуаныш» театрының актерлері көрермендерге оқып береді.

Пьеса оқылымдары «Трансформа» кеңістігінде (Байзақов 280). Басталуы 19:30. Билеттер құны 700 тг. Билеттерді «Трансформа» кассасында немесе Тикетон арқылы онлайн сатып алуға болады.

12 желтоқсанға билеттер: https://ticketon.kz/event/pervyy-khleb-rinata-tashimova

13 желтоқсанға билеттер: https://ticketon.kz/event/starina-khenk-yuriya-barteneva