«Махаббат табиғатпен, жұлдыздармен, Ғарышпен берілген барлық нәрселерді қамтиды. Махаббат – симфония, дәлірек айтқанда, әлемдік симфония». Ш. Айтматов
Самарқау тірлікте қыз ғұмыры, әйел тағдыры өтпегі көп бұралаң жол. Сол жолда ар мен намыстың, қаңқу сөздің ілесе жүретіні де анық. Әлсіз болсаң жұлып әкететін алапат әлемде нәзік сезімге жол табылар ма екен? Әлде бақыт пен тыныштықтың кілті басқалардың айтқанымен жүруде ме? Жәмилә екіге бөлінген жол торабында қайсысын таңдамақ?
Қоюшы-режиссер – Ұланмырза Карыпбаев
Қоюшы-суретші – Нұржан Сәменов
Балетмейстер – Алина Мамбеталиева
Хормейстер – Арна Жүнісова
Өтетін күні: 7, 8 қыркүйек, сағ: 18:00
Өтетін жері: Алматы қаласы, Абай даңғылы 117, «Жанна» сауда үйі