Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" фильмінің ресми трейлері шықты
23 қыркүйекте, Испанияда Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" фильмінің әлемдік тұсаукесері болып өтті. Картина 28 қыркүйекте аяқталатын Сан-Себастьяндағы 67-ші Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында көрсетілді. Бұл режиссердің 7-ші толық метражды көркем фильмі, Short Brothers және Arizona Productions компанияларының қатысуымен Astana Film Fund компаниясы түсірген. Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының төрағасы атақты ирланд кинорежиссері Нил Джордан
Датасы: 24.09.2019
Өткен жылы "Қап-қара адам" Almaty Film Festival фестивалі аясында өткен питчинг жобаларының жеңімпазы атанған болатын. Фильмнің басты продюсерлері Ақан Сатаев пен Эрнар Құрмашев. Бұл Short Brothers және Arizona Productions компанияларының қатысуымен Astana Film Fund компаниясы жасаған картина. Фильмнің әлемдік премьерасы Сан Себастьяндағы Халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасында өтеді. Фестиваль 20-28 қыркүйек аралығында болады.