Ақбота Алимхожина
Өнертанушы
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік
өнер музейінде 2016 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25-жыл толуына, Бөкей
Ордасының құрылғанының
215 жылына, Әлихан
Бөкейханның 150 жылдығы мен Ұлт-азаттық
көтерілісінің 100 жылдығына орай бірнеше көрмелер ашылды.
Президент күніне арналған «Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы; 9 желтоқсанда
«Династия художников Сидоркины-Исмаилова» (Суретшілер Сидоркин-Ысмайыловтар
әулеті) кітабының таныстырылымы өтті. «Суретшілер династиясы»
сериясының қанат қақты қарлығашы ретінде ойластырылған осы кітапты дайындап
шығаруға идея берген – Алматы қаласы ҚР ұлттық кітапханасының директоры Жанат
Сейдуманов.
сұранысы да мол, ол жөнінде аз жазылған жоқ, бірақ ол белгілі музейлердің, жеке
меншік галереялардың, өнертанушылардың, өнерқұмарлардың, коллекционерлер мен
журналистердің жіті көңілін аударуын жалғастырып келеді. Алматы мен Астанада,
мемлекеттік мұражайлар мен жеке меншік галереяларда Қазақстан кескіндемесі мен
графикасы классиктерінің туындыларының көрмесі бірнеше рет өткізіліп тұрады.
көтерілісінің 100 жыл толуына арналған Қазақ
бейнелеу өнерінің негізін салушы, халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің шығармашылығындағы
көтеріліс сардарларының бірі Амангелді Имановқа арналған циклдық графикалық
жұмыстары мен кескіндемелік туындылары және Амангелді сарбаздарына арналған
еңбектері көрмеге қойылған. Сондай-ақ, бейнелеу өнерінің аса көрнекті өкілдері
Ә.Ысмайылов, Қ.Телжанов, К.Шаяхметов, Ә.Сыдыхановтың кескіндемелері мен Х.Науырызбаев,
Т.Досмағамбетовтің мүсіндік туындылары орын алған.
мен әйгілі театр суретшісі Анатолий Ненашевтің М.Төлебаев пен Е.Брусиловскийдің
«Амангелді» операсына жасалған декорацияларының эскиздері ұсынылған.
14 желтоқсанда Қастеев мұражайының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты
тақырыпта суретшілер арасында сайыс өтеді. Дәл осы күні Алматы қаласында Қастеев мұражайында «Аңсаған Тәуелсіздік» атты
көрме өтеді. ҚР Суретшілер одағының
жыл сайын өтетін көрмелері Қастеев музейі үшін дәстүрге айналды. Шеберлердің
шығармалары жанр мен тақырып жағынан әр түрлі болып келеді. Мұнда Серік Тайнов,
Өмірбек Жұбаниязов, Жұмақын Қайрамбаев, Бейбіт Мұстафин, Марат Нүсіповтің
және басқа да беделді суретшілердің жұмыстары қойылған.
Көрмедегі суретшілердің туындылары тәуелсіз еліміздің 25 жылда қазақ
халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтары, тарихымыз бен жеткен
жетістіктерімізді, баянды болашағымызды қамти отырып, еркіндігін аңсаған ұлт
зиялылары мен желтоқсан көтерілісіне сипаттама береді. Туындылар өткен
кезеңдерге қорытынды есебінде Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің
бүгінгісі мен келешегі жайында ой қозғайды.