Нүркен Нұрғалиұлы Әшіровті жаңа қызметімен құттықтаймыз

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің деканы болып қызмет атқарған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дарынды күйші, білікті ұстаз Нүркен Нұрғалиұлы Әшіровты А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры болып тағайындалды.
Нүркен Нұрғалиұлы Әшіровті жаңа қызметімен құттықтаймыз

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері. А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандырылған музыка мектеп-интернатын домбыра мамандығы бойынша профессор А.Тоқтағанның сыныбында аяқтаған. 2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын үздік бітірген. 2012 жылы аталған консерваторияның магистратурасын дирижерлық мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Н.Жарасовтың сыныбынан үздік аяқтап, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет еткен. Кейіннен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің деканы болып қызмет атқарып келген. Ал бүгін А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры болып тағайындалды. Нүркен Нұрғалиұлын жаңа қызметімен құттықтап, жаңа жұмысында сәттілік тілейміз!