ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін кешіп, өмірден ештеңе күтпейтін банк қызметкері Қанат туралы баяндайды.
Фильмінің әлемдік тұсаукесері 23-ші Халықаралық Бусан кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында өткен. Сонымен қатар, былтыр аталған картина 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінде Қазылар алқасының және NETPAC жүлделеріне ие болды.
Айта кетсек, биыл сәуір айында кинотуынды 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестиваліндеБас жүлдеге қол жеткізді. Бұл қазақ киносы тарихындағы алғашқы жүлде. Сонымен қатар, әлеуметтік драма биыл жаз айларында өткен ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде деБас жүлдемен марапатталды.
Фархат Шәріповтың кинотуындысы 4 шілдеден бастап ресейлік прокатта, ал ақпан айында қазақстандық прокатта болды.
«Тұлғалық өсу тренингі» фильмінің көрсетіліміне кіру тегін. Келем деушілерге есік ашық!
Анықтама:
Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Жыл: 2018
Жанры: драма
Режиссері: Фархат Шәріпов
Сценарий авторы: Фархат Шәріпов
Қоюшы-операторы: Александр Плотников
Қоюшы-суретші: Алексей Шиндин
Композиторы: Илья Одегов
Продюсерлері: Ержан Ахметов, Юлия Ким
Рөлдерде: Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Филипп Волошин.