Ахтанов театры алғаш рет Алматы сахнасында

Қазан айының 17-20 аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры гастрольдік сапарымен алматылық көрермендермен қауышатын болады.
Ахтанов театры алғаш рет Алматы сахнасында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында төрт күн қатарынан өнер көрсететін облыстық театрдың репертуарындағы үздік спектакльдер Алматы жұртшылығына жол тартпақ. Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры биыл кезекті 29 маусымын ашқан болатын.

Гастрольдік күндердің бағдарламасы төмендегідей:

17 қазан күні – Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясы (реж. Ж.Жұманбай);

18 қазанда – М.Мақатаев «Мұқағали» перформансы (реж. М.Хабибуллин);

19 қазан – У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы (реж. М.Хабибуллин);

20 қазан – Р.Отарбаевтың «Темір Нарком» тарихи драмасы (реж. М.Хабибуллин) ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, аталған төрт күн бойы күндізгі уақытта Ж.Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» (реж.Н.Жұманиязов) драмасы қойылады.

Барлық спектакльдер кешкі сағат 18:30-да басталады.