Салтанат Әбілғазина Орал қаласында Құрманғазы атындағы саз колледжін «драма актері», Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «театртанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өнертану магистрі. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрермендермен жұмыс жасау, баспасөз қызметі бөлімдерінде қызмет етіп, театр директорының орынбасары болған.
Қосымша келісімшарт негізінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқу театрының басшысы және театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы болып қызмет етті.
2018 жылғы наурыз айынан бері Қазақстан театрлары қайымдастығының атқарушы директоры міндетін атқарды.
Қазақстан «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының 2018 жылғы лауреаты.
дереккөз: "Егемен Қазақстан"