Үндістанда қазақстандық фильмдердің көрсетілімі болады

XXI Халықаралық үнді кинофестивалінде қазақ киносының көрсетілімдері болады.
Үндістанда қазақстандық фильмдердің көрсетілімі болады

Желтоқсан айының 9-16 аралығында ХХІ Халықаралық үнді
кинофестивалі өтпекші.
Фестивальде
«Қазақфильм» киностудиясының әр жылдары жарық көрген туындылары көрермен
назарына ұсынылмақшы.  Бұл фильмдер
«Қазақстанға назар салу» бағдарламасы барысында көрсетіледі.

Ермек Тұрсынов

Атап айтар болсақ,
«Келін», «Шал» фильмдері (реж. Е.Тұрсынов), «Студент» фильмі (реж. Д.Өмірбаев).

Дәрежан Өмірбаев

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «САҚ»
студиясы түсірген «Қазақ елі» анимациялық фильмі (реж. Б.Дәуренбеков)
де бар.

Батырхан Дәуренбеков

Сондай-ақ,
аталмыш фестиваль аясында режиссер Серік
Апрымовтың  «Аңшы» және «Бауыр»
фильмдері көрсетіледі. Айта кететін жайт, С.Апрымов халықаралық  қазылар алқасының құрамына кіріп, танымал
режиссер, актер, бағдарлама директоры және «ФИПРЕССИ», «НЕТПАК»
киносыншыларымен бірге фестивальдің
үздік фильмдерін анықтайтын болады.

Серік Апрымов

62 мемлекеттен келген 185 кинокартина көрсетілетін бұл фестивальде төбе көрсетуіміз
үлкен мәртебе. Сәттілік!

Мақалаға http://www.kazakhfilmstudios.kz/ сайтынан ақпарат алынды.