Алматының сүйікті әуендері!
Республика Сарайында 18-наурыз күні алғаш рет бір жарым жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында қойылып, тыңдармандардың ыстық ықыласына ие болған "Самғау" концерті өтеді. ҚР МАСО және камералық хордың сүйемелдеуімен Роза Рымбаева, Ғалымжан Молданазар, Шаба Әденқұл, Рүстем Нұржігіт, Марсель Әлсейітов, Сырымтай Еңсепов, Қанат Омаров және Абылай Тілепбергенов сынды эстрада және классикалық жұлдыздар алматылықтарға сүйікті әуендерін ұсынады. Жоба авторы Жания Әубакірованың айтуынша, концертті ұйымдастыруға барша қазақстандықтардың сүйікті әуендері шабыттандырған. Бұл ескіден келе жатқан арман және өзінің интонациялық әрі әуендік әлеуетін барынша ашуды қажет ететін және адамзаттың музыкалық мәдениетінің ажырамас бөлігі болуға тиіс, қазақ ән мәдениеті алдындағы кәсіби мамандардың "өзіндік" борышы. "Түрлі кезеңдердегі қазақ әндері сұлулығы мен мазмұнының тереңдігі тұрғысынан әлемдік өнер қазынасының үздік үлгілеріне сәйкес келеді. Бала кезден таныс әуендердің шынайы қуаты, сұлулығы мен дәрежесі ашыла түскенін өте қатты қалаймын" - деп атап өтті, Халық әртісі.
Кеш бағдарламасы түрлі тарихи кезеңдерді қамтиды: халық шығармашылығы, сал мен жыраулар дәстүрі (18-19 ғғ), кеңестік кезең эстрадасы, ХХ-ХХІ ғғ. кәсіби композиторлық мектебі, заманауи танымал әндер. Қазақстандықтарға жақсы таныс, "Жігіттер жыры", "Бақыт құшағында", "Айбозым", "Бипыл", "Атамекен" және басқа да әндер, жаңа, тіпті күтпеген үлгіде шырқалатын болады! Күрделенген гитара рифтары, тангоның өткір ырғақтары мен Бахтың хоралы – "Самғау" кешінде көрерменді күтіп тұрған ашылулардың аз ғана бөлігі.
Таза жанрлар мен өңдеу стильдерінің шеңберінен шығатын арнайы жаңа үлгі жасау мақсатында үздік отандық ән өңдеушілер мен композиторлар - Ренат Гайсин, Шырын Базарқұлова, Әділжан Толықбаев, Сәтжан Шәменов, Илья Башкатов, Арман Жәйім және Данияр Бержапырақов шақырылды. Материалды бейімдеу бойынша атқарылған жұмыс, соңғы жылдары жаңа түпнұсқалық шығармалардың жетіспеушілігінен зардап шегетін жергілікті оркестрлердің репертуарлық шеңберін кеңейтуге, сондай-ақ шетелдік ұжымдарға өздерінің бағдарламаларында жарқын және ерекше партитураларды орындауға мүмкіндік береді. "Концерт бағдарламасына енген Ұлы әуендер, кез-келген деңгейдегі оркестрлер репертуарының сәніне айналып, Қазақстанның мәдениетін әлемге лайықты түрде паш етеді" - дейді, Жания Әубәкірова. Атап өтетін жағдай, Нұр-сұлтан қаласындағы алғашқы концерттен кейін, шығармаларды бейімдеу жұмыстары тоқтатылған емес, тіпті әлі де жалғасуда, ал бұл алматылықтарды жаңа әуендер күтіп тұрғандығын білдіреді!