«Түрксіб» деректі фильмі қалпына келтірілді

«Түрксіб» деректі фильмі қалпына келтірілді

19-шы желтоқсан күні Абай атындағы МАОБТ-да әлем кино өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосқан «Түрксіб» деректі фильмінің қалпына келтірілген нұсқасының көрсетілімі өтті. 1929 жылы «Востоккино» тресті базасында режиссер Виктор Туринмен шығарылған фильм, алғашқы Кеңес монументалдық құрылыстарының бірі – Орталық Азия мен Сібірді біріктірген магистральді таспалаған. Батыста картина модернистік техникасының және визуалдық материалының бірегейлігі үшін жоғары бағаланды.

 

Дистанциялық монтаж арқылы байланыс тапқан бес бөлімнен тұратын «Түрксіб» деректі фильмі ырғақты қозғалысқа, жарқын образдардарға толы. Фильмдегі драматургиялық негізгі қақтығыстар табиғат пен техника арасында орын алады. Табиғат өз кезегінде қамығады, қарсылық танытады.

 

Қаншама жылдар өтсе де, өз маңыздылығын жоғалтпаған туындының көрсетілімі Гаухар Мурзабекованың басқаруындағы «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестірдің орындауындағы Қуат Шілдебаев арнайы жазған саундтрекпен сүйемелденді.


Жоба бастамашылары: Наргиза Шукенова

Продюсерлер: Бауржан Шукенов, Наргиза Шукенова

Композитор: Қуат Шілдебаев

Музыканы көркемдеуші: Әділжан Толукпаев

Көркемдік жетекші: Гаухар Мурзабекова

Дирижер: Павел Тарасевич