«Өзбекфильм» киноконцернінде кинофорум өтті

«Өзбекфильм» киноконцернінде кинофорум өтті

Ташкент халықаралық кинофестивалі аясында «Өзбекфильм» киноконцернінде «Түркітілдес елдердің киносы: халықаралық байланыстар, дәстүрлер мен инновациялар» форумы өтті, оған түркітілдес елдердің кино қайраткерлері қатысты.

Форумда кинематография агенттігінің директоры Фирдавс Абдухаликов, «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Әзірбайжан Мәдениет министрінің кеңесшісі Орхан Фикретоглу, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің кино департаментінің Фенералдық директоры Эркин Йылмаз, «Түрікманфильм» басшысы Арслан Эебердиев және кинотанушы Гүлбара Толомушова сияқты кино өнерінің көрнекті тұлғалары сөз сөйледі. Қазақстандық кинотанушылар Ержан Жұмабеков пен Гүлнар Әбікеева қазақстандық кинематографтың және «ТҮРКСОЙ» ұйымына кіретін басқа да елдердің даму әлеуетін бағалады.

Спикерлер Орхан Фикретоглудың онлайн кино платформасын құру қажеттілігі туралы пікірін бірауыздан қолдап, түркітілдес халықтар жасаған фильмдердің деңгейін талқылады. Сондай-ақ жоспарланған бірлескен киножобалар туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шара нәтижесінде «Өзбекфильм» киноконцернінде түркітілдес елдердің Кинематографистер қауымдастығын құру туралы талқылау басталды.

Онда Сұлтан Раев бастаманы қолдауды сұрап, Фирдавс Абдухаликов бастаманың оң екенін және атсалысатынын айтты. «ТҮРКСОЙ» мүшесі Майра Қарсақбаева Ассоциацияның қысқаша концептісімен таныстырып, Түрікменстанның танымал режиссері Ходжакули Нарлиев толықтырулар ұсынды.