IX BAIQONYR кинофестивалінің қатысушылары анықталды

IX BAIQONYR кинофестивалінің қатысушылары анықталды

BAIQONYR IX халықаралық кинофестивалінің ұйымдастырушылары байқау бағдарламасына өткен фильмдер тізімін ұсынады. Биыл фестиваль үш бағытты қамтиды: Халықаралық қысқаметрлі көркем фильмдер байқауы, көркем және деректі фильмдер Ұлттық байқауы және көркем суретті дебюттік фильмдер байқауы.

Байқауға қатысуға барлығы 670 өтінім түсті, оның ішінде ұлттық байқауға – 150-ден астам өтініш келді.

Нәтижесінде Халықаралық қысқаметрлі фильмдер байқауына 8 елден 17 фильм іріктелді (оның ішінде 4 фильм көркемсуретті дебюттік фильм байқауында):

  1. Ромео - Тыныстан Темыржан, Қырғызстан
  2. 30 секунд - Иван Соснин, Ресей
  3. Камушки - Лариса Лигай, Өзбекстан
  4. Отец, сын, конь - Шәріпбек Зәкір, Қазақстан
  5. Удалить - Гагик Мадоян, Армения
  6. Здесь и сейчас - Влада Лавренова, Ресей
  7. Мне надо вам что-то сказать - Евгений Марьян, Ресей
  8. Два дня - Теймур Гамбаров, Әзербайжан
  9. Забытые - Чолпон Жанадыл, Қырғызстан
  10. Вазомоторный ринит - Михаил Габаидзе, Грузия
  11. Поздний ветер - Шұғыла Сержан, Қазақстан
  12. Колокол в сумерках - Саадат Казакбаева, Қырғызстан
  13. Люби меня! - Эльдор Кудратилаев, Өзбекстан

Ұлттық көркем және деректі фильмдер байқауына 17 фильм іріктелді:

  1.  Құрт - Асылжан Әбдімүтәліп
  2. Таңдау - Гүлнұр Қалмухамбетова
  3.  Space - Тұрар Тахир
  4.  64 пункта почему все пошло не так - Дильназ Абраимова
  5.  Көрімдік - Әлімжан Алмұхан
  6.  Мектепте - Алматбек Амангелді
  7.  Понча - Қайша Рахимова
  8.  Хат - Сабитов Ернат
  9.  Қақпан – Әнуарбек Хамитов
  10. Төрт мұнара - Ердана Әби
  11. Одинокие души - Тілеуберді Тұрарбек
  12. Виктория – Мәулен Әлімхан
  13. Дочь Акима – Венера Қайыржанова
  14. DYAD - Айдан Серік
  15. Иванбек – Дарын Дәулетхан
  16. Однажды в Коргалжино - Арай Кәрімова
  17. Выборы - Эрик Завизион

Сондай-ақ биыл Көркемсуретті дебюттік фильм бағдарламасы жеке байқауға бөлінген, оған 4 фильм қатысады:

  1. ERROR 404 - Тынчтык Абылкасымов, Қырғызстан
  2. Ласточка - Малика Мухамеджан, Ресей-Қазақстан
  3. Waterboy - Файзулло Фаиз, Тәжікстан
  4. Свет - Антон Коломеец, Ресей

3-8 қыркүйек аралығында Алматыда IX BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтетінін еске саламыз. Биыл фестиваль ресми демеушілеріміздің бірі - MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.