Сақ патшайымы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильм түсірілмек

Отандық белгілі режиссер Ақан Сатаев – парсыларға қарсы ұрыста жеңіске жеткен сақ патшайымы Томирис туралы туынды түсірмекші.
Сақ патшайымы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильм түсірілмек
Тұмар ханшайым Кирдің басы алдында, Питер Пауль Рубенс (1577–1640) , 1622ж.

Сценарийінің қысқаша нұсқасы дайын фильмнің  түсірілу жұмыстары қаржы мәселесі шешіле салысымен қолға алынбақ. Ақан Сатаевтың айтуынша, аталмыш кинокартина Таяу Шығыс, Америка т.б. елдерге жол тартып, халықаралық прокатқа шығады деп күтілуде.

Бұған дейін «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көрерменнің ыстық ілтипатына бөленіп, әлемдік тарихты өзгерткен тарихи тұлғалар туралы туынды жасуға құштар режиссерға сәттілік тілейміз!

Айжан ЕСЕНГЕЛДІ