Қастеев музейінің музыкалық вернисаждары

2015 жылдың сәуір айынан бастап, ай сайын Қастеев музейінің әр залында түрлі аспаптар ансамблінен құралатын музыкалық вернисаждар мен камералық концерттер ұйымдастырылып тұрады.
Қастеев музейінің музыкалық вернисаждары

2015 жылдың сәуір айынан бастап,  ай сайын Қастеев музейінің әр залында түрлі аспаптар ансамблінен құралатын музыкалық вернисаждар мен камералық концерттер ұйымдастырылып тұрады.

Іс-шараның форматына сәйкес, залда орналасқан туындылар мен жалпы сол дәуір, кезеңдер жайлы шағын әңгімелер қозғалады және соған байланысты музыкалық ұжым іріктеледі. Концертке жеке әнші, орындаушыдан бастап бірнеше музыканттардан құралатын ансамбльдерге дейін қатыса алады.

"Тұран" этно-фольклорлық тобы

Мысалы, Қазақстан бейнелеу өнерінің залында орналасқан Гүлфайрус Ысмайылованың «Шара Жиенқұлова», «Күләш Байсеитова» және «Шолпан Жандарбекова» сынды жұмыстарының аясында «Тұран» этно-фольклорлық тобының және опера әншісі, Бибігүл Төлегенованың оқушысы Бекболатова Ақалтынның «Қазақ вальсі» атты шағын концерттері қойылған болатын.

Сонымен қатар, Гүлфайрус Ысмайылованың мерейтойлық жеке көрмесінде Астана операсының жетекші әншісі Дина Хамзина өзінің репертуарындағы әндерді, ал келесі Алматы опера және балет театрының әншілері Андрей Трегубенко мен Клавдия Потемкина сирек орындалатын арияларды, соның ішінде Рубинштейннің «Демон» операсындағы ариялар орыс залында өз орындарын тауып жатты.

Сүйікті Алматы қаламыздың 1000 жылдығына орай «Алма» көрмесінде «Джаз кеші» өтті, ал белгілі джаз әншісі Ирэна Аравина Зураба Церетелидің көрмесінде концерт берген болатын.

Біз сіздерді әр айдың бірінші бейсенбісінде күтеміз.

Анықтама телефондары:

394-57-18, 8-705-888-65-62, 8-747-181-51-26.

Сыртқы байланыс және менеджмент орталығының жетекшісі Исабаева Клара.