Алматыда Орталық ғылыми кітапхананың 85 жылдығына орай жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді

Алматыда Орталық ғылыми кітапхананың 85 жылдығына орай жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді

2017 жылы 16 наурызда сағат 10.00-де «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханада «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің тұсаукесер рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Іс-шара ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдығы және Орталық ғылыми кітапхананың 85 жылдығына  орай ұйымдастырылып отыр.

Алқалы жиынға еліміздің жетекші ғалымдары мен ҚР ҰҒА академиктері, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, кітапхана саласының мамандары, жас ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысады.

Көрсеткіш толықтырылып шығарылған анықтамалық басылым болып табылады. Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтің және республиканың қалыптасуының ең маңызды кезеңдері хронологиялық жүйелілікте ұсынылған. Қазақстан Ғылым Академиясының ашылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі (1918-2016 жж.) 100-жылға жуық кезеңді қамтиды.  Сонымен қатар, Ғылым Академиясының қызметіне тікелей қатысы бар, еліміздің  жалпы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін құратын республиканың ғылыми және білім беру мекемелерінің ұйымдастырылған күндері көрсетілген.

Аталған еңбек тарихшыларға, ғалымдарға, ғылымды басқару саласының қызметкерлеріне, мамандарға, сондай-ақ Ғылым Академиясының қалыптасу тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырман қауымға арналған.

Осыған орай, аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, «Ғылым ордасы» РМК, Орталық ғылыми кітапхананың конференц-залы (3 қабат).

Өтетін уақыты: 2017 жыл 16 наурыз, сағат 10.00-де.