Алматыда театр сыншыларының басқосуы өтеді

2017 жылдың 11-сәуір күні Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Oner.kz" өнертанымдық порталы және "Өнертану" факультеті «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақстандағы заманауи театр үрдісі және театр сыны мәселелері" атты дөңгелек үстел өтеді.
Алматыда театр сыншыларының басқосуы өтеді

Басқосу Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтетін "Ғылым апталығы" аясында ұйымдастырылып отыр.

Дөңгелек үстелде бүгінгі Қазақстандағы театрлық үдерісте бой көрсетіп отырған драматургия, режиссура және актерлік өнер, сценография, фестивальдерді өткізу, т.б. сынды қордаланған түйіткілдер театр сынының өзекті мәселелерімен байланыстыра қарастырылып, оларды шешудің оңтайлы жолдары анықталады. Қазақстанның белгілі театр сыншылары қатысатын бұл дөңгелек үстел жұмысына еліміздің көрнекті өнер мамандары да арнайы шақырылып отыр.

Өтетін орны: Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Ректораттың мәжіліс залы. Панфилов к., 127.  сағ. 11.00.

Сізге қызық болуы мүмкін: