«Құрбақа мырза» балалар фильмінің көрсетілімі өтті

«Құрбақа мырза» балалар фильмінің көрсетілімі өтті

25 шілде күні Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында «Құрбақа мырза» балалар фильмінің көрсетілімі өтті, өндіруші – Норвегия. Фильмді тамашалауға әлеуметтік жағдайы осал отбасыларының балаларына арналған «Жас шуақ» жазғы лагерінен 100-ге жуық бүлдіршін шақырылды. Фильмнің сюжеті кішкентай көрермендердің көңілінен шыға білді. Ұстаздың құрбақаға айналып, қиындықтан құтылу жоспарын тамсана көрген «Жас шуақ» жазғы лагерінің балалары мен жетекшілері ұйымдарстырушыларға алғыстарын білдіріп, қуаныштарын жасырмады.

Сонымен қатар,   Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында «Кинокио» балалар кино мектебінің шоу-бағдарламасы өтті. Бұл шоуға 15 бүлдіршін қатысыпкөрермендермен түрлі ойындар ойнады. Концерт алаңында өткен іс-шараға үлкендер де, кішілер де риза болып қайтты. 

Бұл мектептің көркемдік жетекшісі продюсер әрі режиссер  Марат Сарсенбаев.