Қазақ драматургының мерейтойы Лондонда тойланбақ

Жазушы, драматург, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Дулат Исабековтің 75 жасқа толған мерейтойы Лондон төрінде.
Қазақ драматургының мерейтойы Лондонда тойланбақ

Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында 1-7 қазан аралығында Дулат Исабековтің 75 жасқа толған мерейтойына орай фестиваль өтпек. Қазақстанның атынан М.Әуезов атындағы академиялық драма театры «Жаужүрек», Мемлекеттік Кәріс музыкалық комедия театры «Актриса» спектакльдерімен қатысады. Фестиваль аясында Д.Исабековтің «Аққу-Жібек» («Song of the swans») спектаклінің ағылшын тіліндегі премьерасы BRIDEWELL театрында 4-6 қазан аралығында өтпек. Театр қойылымдарынан бөлек Д.Исабековтің «Аққу-Жіббек» атты ағылшын тіліндегі пьесалар жинағы мен электронды нұсқадағы әңгімелер жинағының тұсаукесері, Лордттар палатасында мемлекет қайраткерлерімен кездесу кеші, Ұлыбританияның Ұлттық кітапханасында оқырман қауыммен кездесу секілді іс-шаралармен жалғаспақ.
Фестивальдің ұйымдастырушысы
– Лондондағы «Айтматов академиясы».

Сізге қызық болуы мүмкін: