Лирикалық баритон, Олег Татамиров Оңтүстік-Қазақстан музыкалық колледжін «жеке
ән орындау» мамандығы бойынша және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясын тәмамдады. 2009 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік
академиялық опера және балет театрының
орындаушысы (Алматы). Жермона (Верди «Травиата»), Марулло (Верди
«Риголетто»), Белькоре, Дулькамара (Доницетти. "Любовный напиток"), Вольфрам
(Вагнер «Тангейзер»), Ямадори (Пуччини. "Мадам Батерфляй") және театрдағы басқа да танымал опералық ариялардың орындаушысы.
Минск, Берлин, Вена, Париж, Стамбул, Пекин, Үрімжі, Астана және басқа да
әлемдік қалалардың концерттік залдары мен үздік сахналарында өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы
қоры, 2014 жылғы «театр өнері» категориясының стипендиаты.
Сопрано, Анастасия Кожухарова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясын үздік дипломмен аяқтады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті - Елбасы қорының 2013 жылғы стипендиаты. 2014 жылы, шілдеде Симон Ригодоның
Малер филармониясының оркестрімен бірге жетекшілік етуімен (Франция), Шенбрунн
сарайында өткен (Вена) Австрия-Венгрия императорларының бұрынғы резиденциясы
гала-концертінің қатысушысы. Болгария, Румыния, Қазақстан, Корея, Жапония және
Италиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты және дипломанты. 2015 жылғы
мамырда, Венада Малер филармониялық қоғамының шақыртуымен, Нью-Йорктегі 59-шы
Фридерик Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауының лауреаты Джонатан
Флорилдің сүйемелдеуімен жеке концертін өткізді.
Тенор, Дамир Садуахасов − Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің
Теміртаудағы бөлімшесінің және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының түлегі. 2014 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік
академиялық опера және балет театрының солисті (Алматы). Уфа (Башкирия),
Астана, Шымкент, Гюмри (Армения) және басқа да қалалардағы республикалық және
халықаралық байқаулардың лауреаты және дипломанты.
Концертмейстер Марина Омирбекова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының түлегі. 1986 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік
академиялық опера және балет театрының концертмейстері (Алматы), Қазақстанның
барлық опера әншілерімен жұмыс жасаған.
Кештің жүргізушілері – Клара Исабаева, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік
өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба кураторы, және Олег
Татамиров – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші
солисті (Алматы).
Анықтама үшін байланыс – 394-57-18, 8-775-371-4820,
8-747-181-5126.
Билеттің құны –
2500 теңге.
Баға ішіне мыналар кіреді: 1) сағ. 17.00 – 18.00 музейді
аралау;
2) сағ. 18.30 – кофе-брейк;
3) сағ.19.00 – «Ғажайып күз
әуендері» концерті.