Әбікен Хасенов Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1934 жылдан бастап Қазақ академиялық драма театрының актеры болып еңбек еткен. Көптеген образдарды сомдаған театр тарланы ретінде аты тарихта қалған. Әбікен Хасенов Тәттімбет, Итаяқ, Мақаш, Сембек, Қыздарбек, Әбди сияқты халық күйшілерінің мұраларын күйтабаққа жазып қалдырған. Шертпе күйдің майталман шеберін С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндер сүйіп тыңдаған, А.Жұбановтың монографиясында есімі аталған.
Әбікен Хасенов қазақтың шертпе күй өнерінің кәсіби мектебінің іргетасын қалаған ұлы күйші. Оның «Қоңыр» атты күйі өзі өмір сүрген тар кезеңнің ауыртпашылығын суреттейді.
Күй кешіне қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.
Концертке қатысушылардың тізімі:
1. Орынбай Дүйсен. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор.
2. Қайролла Садуақасов. Дәстүрлі күйші, Қарағанды облыстық «Күй-керуен» шертпе күй орталығының басшысы. Қарағанды.
3. Қалкен Қасымов. Дәстүрлі күйші, Қарағанды.
4. Секен Тұрысбек. Дәстүрлі күйші, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы.
5. Болат Тәкішев. Дәстүрлі күйші, Қарағанды.
6. Рымхан Әбілханұлы. Күйші. Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы.
7. Қуат Аманжол. Күйші. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы.
8. Ерболат Сапуанов. Күйші. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы.
9. Батырлан Әбенов. Күйші. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы.
10. Қапаш Құлышева. Әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
11. Толғанбай Сембаев. Әнші. Қазақстанның мәдениет қайраткері.
12. Руслан Нұрбай. Ақын. «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты.
13.Қазақ ұлттық өнер университетінің халық аспаптар оркестрі. Дирижеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Дәурен Ғылымов.
Концертті жүргізуші - Ж.Жүзбай. Контакт телефондар: 87015981187, 87051641761
Ұйымдастырушы – Б.Әбенов. Контак телефоны: 87017393840