Ә.Қастеев өнер музейінде "Классикадан қазіргі заманға дейін" атты музыкалық вернисаж өтеді

2018 жылдың 1 ақпанында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Классикадан қазіргі заманға дейін» атты Музыкалық вернисажға шақырады.
Ә.Қастеев өнер музейінде "Классикадан қазіргі заманға дейін" атты музыкалық вернисаж өтеді

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианино аспабын жетік меңгерген Анна Антипина Бах, Моцарт, Лист, Дебюсси, Шопен, Вивальди, Дәулеткерей- Гуревичтердің және басқа да әйгілі композиторлардың шығармаларын орындайды. Концерт танымал алпысыншы жылғы -суретші Салихитдин Айтбаевтың көрме залында өтеді.

Фортепиано −  ішектері көлденең (рояль) немесе тік (пианино) орналасқан пернелі ішекті аспап. Фортепианоның алдында клавесиндер мен кейінірек ойлап табылған клавикордалар болды. Фортепианоны итальяндық клавесин шебері Бартоломео Кристофори (1655—1731) ойлап тапты. Фортепиано үшін арнайы жазылған алғашқы музыкалық шығарма (Лодовико Джустинидің сонатасы) 1732 жылы  пайда болды. Дегенмен, 40-50 жыл өткен соң Гайдн мен Моцарттың кезінде композиторлар жаппай клавесинге емес, фортепианоға бағыт ала бастады. 1760-шы жылдардан бастап, фортепиано барлық еуропалық елдерде, соның ішінде Ресейде де кеңінен тарала бастайды. ХIХ ғасырдың кезінде Лист пен Шопен сынды композиторлар фортепианоның үдемелі әрі сазды диапазонына керемет үйлесетін жұмыстар құрау арқылы, аспаптың одан әрі насихатталуына көмектесті.Анна Антипина Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Жеке орындаушы» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. Алматы қ. Студенттік симфониялық оркестрмен, Филармониялық оркестрмен (Италия) Канту қ., «Қазақстан камератасы» , сондай-ақ трио мен дуэттер құрамында – француз гобойшысы Оливье Дуазбен өнер көрсетті. Анна Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға жиі шығады және Өскемен мен Семей қалаларында жеке концерттерін береді. Ол Гамбург (Германия), Санкт-Петербург (Ресей) және Сид (Түркия) қалаларындағы халықаралық байқаулардың лауреаты.

Кештің жүргізушілері - Клара Исабаева, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі баспасөз қызметінің жетекшісі; Анна Антипина, қазақстандық танымал пианиношы.

Анықтама үшін байланыс:

Билеттің бағасы – 2500 теңге. Баға ішіне мыналар кіреді:

1) сағ. 17.00 – 19.00 музейді толық аралау;

2) сағ. 18.30 – кофе-брейк;

3) сағ.19.00 – «Классикадан қазіргі заманға дейін» концерті

Жетекші – Клара Исабаева