Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы, «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубы, «Киноман» киноклубының ұйымдастыруымен аптаның әр сәрсенбісінде сағат 15:00-де кинорежиссер Дәрежан Өмірбаевтың 60 жас мерейтойына орай ақпан айының 24 мен наурыз айының 7 күндері аралығында фильмдерінің ретроспективасы өтті. Наурыз айының 14 күні сағат 15:00-де режиссердің фото көрмесінің ашылу салтанаты, сағат 15:30 режиссер шығармашылығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Өмірбаев Дәріжан Қаражанұлы 1958 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысы Талас ауданының Ойық ауылында дүниеге келген.
Кинотанушы. Кинорежиссер. Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі (1992). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті. Қазақстан Республикасының «Құрмет» (2003) және Француз Республикасының «Әдебиет және өнер» (2004) ордендерінің кавалері. Платиналы «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2001).
Еңбек жолын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің ассистенті қызметінен бастап, сценарий бөлімінің редакторы, «Жаңа фильм» журналының редакторы, Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері ретінде жұмыс атқарған. 2004-2006 жылдары «Киноман» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Дәрежан Өмірбаев 2001 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Кинотану», «Көркем фильм режиссурасы» мамандандырулары бойынша бірнеше курс қабылдап, шәкірттер дайындаумен айналысып келеді, сонымен қатар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып табылады.
2014 жылы Д.Өмірбаев кино мамандығын таңдаған студенттерге арнап 15 бөлімнен тұратын оқу фильмдерін құрастырды.
Бүгінде Дәріжан Өмірбаев қазақ кинематографиясының дамуына, ұлттық кино өнеріміздің әлемдік деңгейде танылуына зор үлес қосып келеді.
Фильмографиясы мен жүлделері
«Өмір» (1992, 3 мин.)
«Шілде» (1988, 25 мин.), «Қазақфильм»
«Қайрат» (1991, 65 мин.), «Қазақфильм»
«Күміс леопард» жүлдесі, ФИПРЕССИ бас жүлдесі, Локарно ХКФ, Швейцария, 1992; «Үздік бейнелік шешім» жүлдесі, Ашхабад ХКФ, Түркменстан, 1992; Гран-при, Эльзас провинциясы журналистерінің жүлдесі, Страсбург ХКФ, Франция, 1993; Күміс жүлде – ХКФғ, Нант, Франция.
«Контролер мамандығы» (1993, 20 мин.), деректі, «Қазақфильм»
«Кардиограмма» (1995, 75 мин.), «Қазақфильм»
ЮНЕСКО жүлдесі – Венеция ХКФ, Италия, 1995; Қазылар алқасы жүлдесі – «Үш құрлық» ХКФ, Нант, Франция, 1995; Бас жүлде және Азия құрлығының үздік актрисасына жүлде – Сингапур ХКФ, 1996; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – Гавай ХКФ, АҚШ, 1996.
«Киллер» (1998, 80 мин.), «Қазақфильм»
«Ерекше көзқарас» бағдарламасында арнайы жүлде – Канн ХКФ, Фрнация, 1998; «Үздік сценарий үшін» - Тегеран ХКФ, Иран; Жалпы шығармашылығы үшін қазылар жүлдесі – Нант ХКФ, Франция.
«Жол» (2001, 90 мин.), «Қазақфильм», Арткам (Фрнация), «Қадам» (Қазақстан), NHK (Жапония) бірлескен өндірісі.
«Махаббат туралы» (2006, 50 мин.), Jeonju International Film Festival (Оңтүстік Корея)
«Шұға» (2007, 90 мин.), «Қазақфильм», Арткам (Фрнация), «Қадам» (Қазақстан)
А.П.Чеховтың «Махаббат туралы» әңгімесінің желісі бойынша.
«Еуразия» ХКФ қазылар жүлдесі, Нант ХКФ (Франция) – қазылардың арнайы жүлдесі
«Студент» (2011, 90 мин.) «Қазақфильм», «Қадам» (Қазақстан)
Ф.М. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының желісі бойынша. «Ерекше көзқарас» бағдарламасына қатысты Канн ХКФ, Фрнация, 2012
ХКФ, ШЕБЕРЛІК САҒАТТАР
1996 – Торонто қаласындағы (Канада) ХКФ-де Д.Өмірбаев фильмдерінің ретроспективасы өтті;
1998 – «Жаңа көзқарас» студенттік кинофестивалі қазылар алқасының төрағасы;
2005 – кинорежиссер Д.Өмірбаевтың Алматының «Ұлар» галереясында және Тараз қаласының көркем галереясында авторлық фото туындыларының көрмесі өтті;
2006 – Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) АFA (Азия фильм академиясы) режиссурадан дәріс оқыды;
2007 – Дамаск (Сирия) қаласындағы ХКФ қазылар алқасының мүшесі;
2008 – OFIK (Корея фильм институты) студенттеріне шеберлік-сағат өткізді;
2008 – Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында цифрлы фильмдер фестивалі қазылар алқасының төрағасы болды;
2008 – Рабат қаласындағы (Марокко) ХКФ-де Д.Өмірбаев фильмдерінің ретроспективасы өтті;
2010 – Алматы қаласындағы «Еуразия» ХКФ қазылар алқасының мүшесі;
2012 – Канн ХКФ (Франция) «Ерекше көзқарас» бағдарламасының қатысушысы;
2013 – Москва ХКФ қазылар алқасының мүшесі;
2014 – Минск «Листопад» ХКФ қазылар алқасының төрағасы;
2015 – Бішкек ХКФ «Қырғыстан қысқаметражды фильмдер елі» қазылар алқасының төрағасы;
2015 – Мехико (Мексика) FIKUKAN ХКФ-де ретроспектива, шеберлік-сағаты өтті;
2016 – Лугано (Швейцария) фотокөрме, шеберлік-сағат;
2017 – Тегеран, Фаджар ХКФ қазылар алқасының мүшесі, шеберлік-сағат өтті.
Мекен-жай: Алматы қ., Панфилов к-сі 127, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Кинозал
Байланыс: +7 707 177 00 72 Айдар Алма Мұратқызы