Алматыда «Бояулар фестивалі» атты көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебімен бірлесіп, 2018 жылдың 3 наурыз күні балалар шығармашылығының «Бояулар фестивалі» атты көрмесін ашты.
Алматыда «Бояулар фестивалі» атты көрме ашылды

30 жылдан астам тарихы бар өнер мектебі бүгінге дейін 100-ден аса байқаулар мен жобаларға қатысып келеді. Атап айтсақ, "Қазақстан-жаңа әлемде", Mitsubishi Asian Children ' s Enikki Festa (Азия Тынық мұхиты Федерациясы Клубтарының және ЮНЕСКО ассоциациялары), "Невская палитра" (Санкт-Петербург), "Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан", "Қызғалдақ-адам" (ҚР Нидерланды Елшілігі), "Lidice" (Czech Republic), "Невская палитра" (Санкт-Петербург көркем бояулар зауыты), "Экология жаны" (Мәдениет Басқармасы Әкімшілігінің қалалық округі Калининград қ.), "Сүйікті қалама - сүйікті балалар" (2006 ж.) – Медеу-Шыңбұлақ жолындағы қоршауларды көркемдеу, "Қала Күніне" (2015 ж.) орай ұйымдастырылған Алматы қаласының ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы ұзындығы – 400 метрлік қабырғаға салынған кескіндемелер, 2003 жылдан бері өткізілетін ЮНЕСКО-ның – Бүкіләлемдік «Әлем балалары сурет салады»  атты альбомдық сериясы.

«Бояулар фестивалі» көрмесі түрлі жанрлар мен техникада орындалған бейнелеу өнерінің  түрлерін: сурет бойынша академиялық жұмыстар, кескіндеме, шығармашылық композиция, сондай-ақ халықтық және заманауи сәндік-қолданбалы өнер коллекцияларын кеңінен таныстырды. Әртүрлі жастағы оқушылардың жазған дипломдық жұмыстарына  арналған экспозицияға назар аударуға болады. Соның ішінде, жоғарғы курс оқушылары орындаған баспа графикасы – линогравюра экспозициясы ерекше орын алды.

Бейнелеу және қолданбалы өнер әлемімен таныстыру мақсатында мектеп ұстаздары мен оқушылары арнайы шеберлік-кластар ұйымдастырды.

«Бояулар фестивалі» көрмесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жөніндегі орынбасары – Ғалия Теміртон,  Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Қазақстандағы вице-президенті – Бейсенбаев Ғани Бектайұлы, ардагер, “Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері – Руденко Наталья Петровна, сондай-ақ, Н. Сац ат. Жасөспірімдер мен балалар театрының бас суретшісі, 1987 жылғы мектеп түлегі – Пономарёв Владимир.

Көрмеге балалар жұмысының 200-ден аса бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары қойылады.

Көрме 2018 жылдың 12 наурызына дейін жалғасады.