20 наурызда, Алматыдағы «Арман» кино орталығында Қазақстан киносыншылар қауымдастығының «Сыншылар таңдауы» IV мәрте жүлделерін табыстау салтанаты өтеді. Биылғы марапаттау салтанатының жүргізушілері киноактриса Карина Жұмалиева және телекомментатор Нұржан Еркінұлы.
Жүлде жыл сайын 13 номинация бойынша табысталады. Биылғы «Сыншылар таңдауы» жүлдесіне 2017 жылы ресми прокатқа немесе қоғамдық прокатқа шыққан кез келген отандық фильм үмкіткер бола алады. Жүлде табыстау марапатына дейін қазақ киносының марафоны өткізілген еді. Марафонда сыншылар көрермен қауымына үміткерлер шорт-листіне кірген үздік фильмдерін көрсетті. Марафон өткен аптада аяқталып, «Сыншылар таңдауына» үміткерлер жарияланды.
2017 жылдың нәтижесі бойынша «Сыншылар таңдауының» лонг-листіне 31 толықметрлі фильм түсіп, оның 13-і номинанттар қатарына іріктелді. Ең көп, алты номинацияға ие болған – Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» және Асқар Ұзабаевтың «Келін де адам» фильмдері. Бес номинацияға ие болғандар – Сәбит Құрманбековтың «Оралман», Рашид Сүлейменовтың «Арман», Ақан Сатаевтың «Ол» және Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» фильмдері.
«Үздік қысқаметрлі фильм» санатында екі республикалық қысқаметрлі фильмдер фестивалінің – Алматыдағы «Байқоңыр» және Астанада өтетін «КиноСтарт» жеңімпаздары үміткер атанды. Осы бес фильмнің арасынан киносыншылар өз таңдауын жасайды.
ЖҮЛДЕ 13 НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАДЫ:
«ҮЗДІК ФИЛЬМ» (ДРАМА)
«Оралман» – Тәңірберген Қажиев, Ержан Ахметов
«Әкеге қоңырау шалу» – Серік Апрымов
«Ластанған үлкен шаһар» – Серік Әбішев, Айбек Құдабаев
«Шек» – Нина Лаврик
«ҮЗДІК ФИЛЬМ» (КОМЕДИЯ, АТЫС-ШАБЫС, ЭКШН)
«Арман» – Гүлзира Айдарбекова, Рая Адығанова
«Бөлінбейтін» - Олжас Ахметов, Дастан Абдулдинов, Дастан Молдаханов
«Келін де адам» – Әсел Сәдуақасова
«Қазақша бизнес Америкада» – Нұрлан Қоянбаев
«ҮЗДІК РЕЖИССЕР»
Сәбит Құрманбеков – «Оралман»
Серік Апрымов – «Әкеге қоңырау шалу»
Асқар Ұзабаев – «Келін де адам»
Рашид Сүлейменов – «Арман»
«ҮЗДІК СЦЕНАРИЙ»
Рашид Сүлейменов – «Арман»
Нариман Төребаев – «Ластанған үлкен шаһар»
Дарын Тоқтаров – «Бөлінбейтін»
Алдияр Байрақымов – «Шек»
«ҮЗДІК ОПЕРАТОРЛЫҚ ЖҰМЫС»
«Ол» – Азамат Дулатов
«Оралман» – Марс Омаров
«91» – Азамат Дулатов
«Әкеге қоңырау шалу» – Серік Апрымов
«ҮЗДІК ҚОЮШЫ СУРЕТШІ ЖҰМЫСЫ»
Рустам Одинаев – «Оралман»
Нәзира Бақаева – «Ол»
Әлия Одинаева – «91»
Рустам Мұсаев – «Кинодан да артық»
«ФИЛЬМГЕ ЖАЗЫЛҒАН ҮЗДІК МУЗЫКА»
Әбілқайыр Жарасқан – «Бөлінбейтін»
Әлім Заиров – «Ол»
Әлім Заиров – «Шек»
Павел Ли – «Келін де адам»
«ҮЗДІК ӘН»
91 «Mooz» – «91»
BN «Ғашық болу» – «ZOR»
Ілияс Ахмет «Ғажайып» – «Бөлінбейтін»
Жеңісхан Момышев «Билеп ал» – «Қазақша бизнес Америкада»
«ҮЗДІК ӘЙЕЛ РӨЛІ»
Жұлдыз Айдарбекова – «Арман»
Айсұлу Әзімбаева – «Ол»
Әсел Сәдуақасова – «Келін де адам баласы»
Аружан Жазылбекова – «Кинодан да артық»
«ҮЗДІК ЕР АДАМ РӨЛІ»
Дулыға Ақмолда – «Оралман»
Жігер Мырзабек – «Әкеге қоңырау шалу»
Шәріфбек Зәкіров – «Шек»
Әзиз Бейшеналиев – «Бөлінбейтін»
«ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ӘЙЕЛ РӨЛІ»
Данагүл Темірсұлтанова – «Келін де адам»
Айзада Сатыбалдиева – «Әкеге қоңырау шалу»
Анастасия Вострова – «Ол»
Динара Бақтыбаева – «Желіде»
«ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ЕР АДАМ РӨЛІ»
Ерболат Оспанқұлов – «Әкеге қоңырау шалу»
Әбунасыр Серіков – «Келін де адам»
Елжас Рахымбеков – «Арман»
Рамазан Амантай – «Қазақша бизнес Америкада»
«ҮЗДІК ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМ»
«Қатал жігіт» – Баймұрат Жұманов
«Пәтер» – Ербол Бораншы
«№ 6 Пәтер» – Олжас Ахметов
«Жел» – Әділет Әбіш
«Самал» – Шұғыла Сержан
Қазақстан киносыншылар қауымдастығы 2014 жылы «Орталық Азия кинематографиясының орталығы» қоғамдық қорының негізінде кино сыны мен кино журналистикасы саласындағы жетекші сарапшылардың тәуелсіз бірлестігі ретінде құрылған. Қауымдастықтың басты мақсаты отандық кинематографты қолдау, фильмдерді талдау, сондай-ақ, көрерменге қазақ киносындағы үрдістер жайлы ақпарат беру.
Қазіргі таңда қауымдастықта 13 мүше бар: Гүлнар Әбікеева (қауымдастық президенті), Кәрім Қадырбаев, Ольга Малышева, Дмитрий Мостовой, Төлеген Байтөкенов, Олег Борецкий, Инна Смаилова, Ғалия Байжанова, Гүлажар Машрапова, Мәди Мәмбетов, Александра Поршнева, Баубек Нөгербек, Нәзира Мұқышева.