"Сыншылар таңдауы - 2018" жеңімпаздары анықталды

20 наурыз Алматыдағы «Арман» кино орталығында Қазақстан киносыншылар қауымдастығының «Сыншылар таңдауы 2018» жүлделерін табыстау салтанаты өтті.
"Сыншылар таңдауы - 2018" жеңімпаздары анықталды

Биылғы «Сыншылар таңдауы» жүлдесіне 2017 жылы ресми прокатқа немесе қоғамдық прокатқа шыққан кез келген отандық фильм үмкіткер болды. Жүлде табыстау марапатына дейін Қазақ киносының марафоны өткізілген еді. Марафонда сыншылар көрермен қауымына үміткерлер шорт-листіне кірген үздік фильмдерін көрсетті. Марафон өткен аптада аяқталып, «Сыншылар таңдауына» үміткерлерді жариялаған болатын.

Жеңімпаздар 13 номинация бойынша анықталып, жүлдені киносыншылар мен белгілі киножұлдыздар табыстады.

«ҮЗДІК ФИЛЬМ» (ДРАМА)

«Оралман» – Тәңірберген Қажиев, Ержан Ахметов (жеңімпаз)

«Әкеге қоңырау шалу» – Серік Апрымов

«Ластанған үлкен шаһар» – Серік Әбішев, Айбек Құдабаев

«Шек» – Нина Лаврик

«ҮЗДІК ФИЛЬМ» (КОМЕДИЯ, АТЫС-ШАБЫС, ЭКШН)

«Арман» – Гүлзира Айдарбекова, Рая Адығанова (жеңімпаз)

«Бөлінбейтін» - Олжас Ахметов, Дастан Абдулдинов, Дастан Молдаханов

«Келін де адам» – Әсел Сәдуақасова

«Қазақша бизнес Америкада» – Нұрлан Қоянбаев

«ҮЗДІК РЕЖИССЕР»

Серік Апрымов – «Әкеге қоңырау шалу» (жеңімпаз)

Сәбит Құрманбеков – «Оралман»

Асқар Ұзабаев – «Келін де адам»

Рашид Сүлейменов – «Арман»

«ҮЗДІК СЦЕНАРИЙ»

Нариман Төребаев –­ «Ластанған үлкен шаһар» (жеңімпаз)

Рашид Сүлейменов –  «Арман»

Дарын Тоқтаров – «Бөлінбейтін»

Алдияр Байрақымов ­– «Шек»

«ҮЗДІК ОПЕРАТОРЛЫҚ ЖҰМЫС»

«Ол» – Азамат Дулатов (жеңімпаз)

«Оралман» – Марс Омаров

«91» – Азамат Дулатов

«Әкеге қоңырау шалу» – Серік Апрымов

«ҮЗДІК ҚОЮШЫ СУРЕТШІ ЖҰМЫСЫ»

Рустам Одинаев – «Оралман» (жеңімпаз)

Нәзира Бақаева – «Ол»

Әлия Одинаева –  «91»

Рустам Мұсаев – «Кинодан да артық»

«ФИЛЬМГЕ ЖАЗЫЛҒАН ҮЗДІК МУЗЫКА»

Әбілқайыр Жарасқан – «Бөлінбейтін» (жеңімпаз)

Әлім Заиров – «Ол»

Әлім Заиров – «Шек»

Павел Ли – «Келін де адам»

«ҮЗДІК ӘН»

91 «Mooz» – «91» (жеңімпаз)

BN «Ғашық болу» – «ZOR»

Ілияс Ахмет «Ғажайып» – «Бөлінбейтін»

Жеңісхан Момышев «Билеп ал­» – «Қазақша бизнес Америкада»

«ҮЗДІК ӘЙЕЛ РӨЛІ»

Жұлдыз Айдарбекова – «Арман» (жеңімпаз)

Айсұлу Әзімбаева – «Ол»

Әсел Сәдуақасова – «Келін де адам баласы»

Аружан Жазылбекова – «Кинодан да артық»

«ҮЗДІК ЕР АДАМ РӨЛІ»

Дулыға Ақмолда – «Оралман» (жеңімпаз)

Жігер Мырзабек – «Әкеге қоңырау шалу»

Шәріфбек Зәкіров – «Шек»

Әзиз Бейшеналиев – «Бөлінбейтін»

«ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ӘЙЕЛ РӨЛІ»

Данагүл Темірсұлтанова – «Келін де адам» (жеңімпаз)

Айзада Сатыбалдиева – «Әкеге қоңырау шалу»

Анастасия Вострова – «Ол»

Динара Бақтыбаева – «Желіде»

«ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ЕР АДАМ РӨЛІ»

Ерболат Оспанқұлов – «Әкеге қоңырау шалу» (жеңімпаз)

Әбунасыр Серіков – «Келін де адам»

Елжас Рахымбеков – «Арман»

Рамазан Амантай – «Қазақша бизнес Америкада»

«ҮЗДІК ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМ»

«Самал» – Шұғыла Сержан (жеңімпаз)

«Қатал жігіт» – Баймұрат Жұманов

«Пәтер» – Ербол Бораншы

«№ 6 Пәтер» – Олжас Ахметов

«Жел» – Әділет Әбіш