Көрмеге Андерс әскерінің құрылуынан бастап, Риббентроп-Молотов пактіне қол қойылғаннан кейінгі кезең мен 1939 ж. қыркүйек айында басталған Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО шекарасында қалып қойған поляктардың тағдыр жолын баяндайтын құнды жәдігерлер қойылады. Олардың жүз мыңнан астамы Сібір, Қиыр Шығыс пен Қазақстан лагерьлеріне жер аударылған. Он мыңнан астамы өлтірілген, әсіресе 1940 ж. Катыньда қаза тапқан.
1941 жылы Германияның КСРО-ға шабуылынан кейін сол жылдың 30 шілдесінде Лондонда Сикорский-Майский келісімшартына қол қойылды. Келісімшарт негізінде КСРО аймағында Польша әскері құрылуы керек болды. Әскерді сол кезде Мәскеудегі НКВД тұтқыны болған Польша генералы Владыслав Андерс басқарған.
Андерстің құрған әскеріне КСРО-ның түпкір-түкпірінен мыңдаған жер аударылған поляктар – әскерлер мен қарапайым азаматтар келген. Олардың көбісі әскерге барар жолда әлсіреп қайтыс болған. Кейбіреулері әскерге жақын Орталық Азияда қаза тапқан (Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан) сондай-ақ, Персия (Иран) және Таяу Шығыс (Ирак, Палестина).
Андерс әскерінің арқасында поляктар Польша тәуелсіздігі үшін соғысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар санының көптігіне қарамастан, олар туған еліне қайтарылмай Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін КСРО қарамағында қалып қойды.
Көрме «Депортацияланғандар» экспозициясымен толықтырылған. Поляктар Кеңес үкіметі тарапынан Қазақстанға депортацияланған халықтардың алғашқысы болды. Ел есінде қалған жаппай депортациялау кезіндегі Қазақстандағы поляктардың фотосуреттері мен әртүрлі тұрмыстық құралдары сол заманда болған тарихи және қайғылы оқиғалар туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Музейге келушілер Алматы қаласы бойынша алғаш рет, Қазақстан бойынша екінші рет («Алжир» тоталитаризмі және Репрессияға ұшыраған саяси тұлғалардың Мемориалдық-музей кешенінде болған ашылулар) өткізіліп отырған Польшаның Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі тарихи деректерімен таныса алады.