“Сөзбе-сөз әрекет” бағдарламасының ұйымдастырушысы - «Откровение» халықаралық орындаушылық өнер фестивалі, «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен. “Сөзбе-сөз әрекет” бағдарламасы өткен жылдың желтоқсан айында басталды.
Зертхананың қорытынды сатысы зертхананың кураторы, театр режиссері Борис Павловичтің (Санкт-Петербург) шеберлік сабақтарынан құралған.
Сондай-ақ осы блоктың оқытушылары ресейлік композитор, пианиношы Роман Столяр (Новосибирск) және театр сыншысы, продюсер Ника Пархомовская (Мәскеу) болмақ.
«Біздің инклюзивті театрлық бағдарламаның бір бөлігі ретінде “Сөзбе-сөз әрекет” лабораториясының осы кезеңі өте қызықты және маңызды. Қазір жоба болашақ қойылымның пішіне келе бастаған кезеңдеміз. 29 сәуірде біз барлық жұмыстардың қорытындылары бойынша баспасөз брифингін өткізіміз және осы жоба қолдаушыларының бәрі оны бізбен бірге әрі қарай дамытуды жалғастыратынына үміттенеміз. Инклюзивті театр институтын құруға үміттіміз, ол тұтастай алғанда Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамытуға үлкен үлес қосады», - дейді бағдарлама директоры Ольга Султанова.
Лабораторияның негізгі бағдарламасы шеңберінде басқа да іс-шаралар өтеді:
23-26 сәуір аралығында Ника Пархомовская жетекшілігімен және зертхана оқытушысы Катя Дзоник әлеуметтік би сабақтарын өткізеді.
27 сәуір сағат 13:30 қоғамдық би бойынша Ники Пархомовскаяның ашық дәрісі өтеді.
29 сәуір, қорытынды күнінің аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
11:00 - 11:30 - бағдарламаның және барлық ішкі шаралардың нәтижелері бойынша ресми баспасөз брифингі
12:00 - 13:00 - бағдарламаның нәтижесі бойынша соңғы нұсқасы көрсетіледі
13:30 - 14:30 – нұсқаны талқылау, зертхананың одан әрі жұмыс істеуі үшін ұсыныстар енгізу.
Сондай-ақ, 29 сәуірге дейін, “Сөзбе-сөз әрекет” start -time.kz сайтында жүргізілетін краудфандинг жайлы жариялайды.
Краудфандинг нәтижесінде жиналған қаражат Қазақстанда алғаш рет инклюзивті қойылым қоюға бағытталады, оны зертханалық топ 2019 жылға жоспарлап отыр.
“Біздің қор Қазақстан бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдарды интеграциялау, енгізу және оңалтуға бағытталған жобаларға үнемі қолдау көрсетеді. Қазақстанда әртүрлі мәліметтерге сәйкес ойлау қабілеті ерекше 600 мыңға жуық адам бар, оларға арналған 27 мамандандырылған медициналық мекеме жұмыс істейді және мұндай адамдарды білімге, өнерге, әлеуметтік қызметке, спортқа тарту үшін үлкен және жүйелі күш қажет. Ойлау қабілеті ерекше адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндігін беретін әрі мемлекетке экономикалық пайда әкелетін жобалар санаулы ғана. Мысалы, Алматыда, Астана мен Ақтауда психикалық ерекшеліктері бар адамдарға арналған әлеуметтік кафе. Алғашқы осындай кафе Алматыда біздің қолдауымызбен ашыған. Біз және біздің әріптестеріміз үнемі жаңа, қазіргі заманғы және тиімді түрде жұмыс істеудің формаларын іздейді. Инклюзивті театр зертханасының жобасы «Сөзбе-сөз әрекет» осындай мысалдардың бірі. Зертхана тек екі түрлі топты ғана емес - көру және есту қабілеті нашар адамдар, психикалық денсаулығының проблемалары бар адамдар, сондай-ақ кәсіби театр қауымдастығын біріктіреді. Қазіргі уақытта жобада бірнеше тәуелсіз және мемлекеттік театрлар мен бірнеше коммерциялық емес ұйымдар қатысады.” – Сорос-Қазақстан Қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының үйлестірушісі Сауле Мамаева.
«Сөзбе-сөз әрекет» жобасының негізгі мақсаттары:
- Әр түрлі қабілеті бар актерлерге арналған кәсіби театр және білім беру жүйесін дамыту;
- Әртүрлі қабілеті бар актерлер сахнасында жаңа театр формаларын және бірлескен өмірді іздеу;
- Қазақстандағы инклюзивті өнерге аудиторияның қызығушылығын қалыптастыру.