Мифке оралу
Бүгінгі қазақтың жалпысына тән кемшін қасиет – парықсыздық. Парықсыздық – ойдың, сөздің, істің кемшіндігі. Сөздің парқын білмеу, яғни, өзінің айтқан сөзіне жауапкершілік танытпау, істің парқын білмеу, не істеп, не қою, неден бастап, немен аяқтау керек екендігін білмеу, ойланбау, жете түсінбеу – міне, ұлттың тәні мен жанын бойлап алған дерттің дерті осы. Мен де, ол да, олар да – бәріміз де парықсызбыз; көптің бірі болған, қиянда жүрген қазақтан бастап, жоғарыда жүрген ел басшыларына дейін осы індетке шалдыққан
13.04.2017