Кино тілінің суреттеу тәсілдері
- Кинокөріністің негізгі белгілері
Экрандық көрініс кино тілінің басты мазмұндық тілі болып табылады. Кинокөріністің негізгі белгілерін анықтайтын факторлар көркемдік суреттеудің элементтерін құрайды. Бірінші белгі – қозғалыстағы көрініс. Кинематографистік материал ретінде экрандық шығарманың суреттеу тілі аса күрделі құбылыс болып табылады. Бейнелеу әдісінің экрандық табиғаты екі жақты қарастырылады. Бірінішіден, механикалық аппарат (кинокамера) еш боямасыз қамтылған шындық көрінісі. Екіншіден, суреткердің бастапқы ойынан туындайтын, сол себептен де арнайы тәсілдермен әдейі қиюластырылған жаңа шындықтың экрандық көрінісі. Осы аталып отырған екінші шындық көркемдік туынды қорытындысы ретінде көрерменмен «байланысқа» түседі, оның зейініне әсер етуге бағытталады. Кино өнерінің қоғамдағы маңызын анықтау үшін ең алдымен оның тікелей психологиялық әсер ерекшеліктерін айқындау қажет. Осы тұрғыдан алғандағы кино ұғымына «қозғалыстағы көрініс» деп берілген анықтама жалпылама болып табылады.
Алғашқы кино теоретиктерінің бірі Жан Эпштейннің «Кино составляет воистину первую художественную особенность изображения на экране» деген тұжырымына толығырақ тоқталуға болады.
«Приходится слишком часто напоминать истину, которая может показаться трюизмом, однако о ней постоянно забывают: всякое изображение, выхваченное из фильма, становится в той или иной мере бессмысленным, так как является застывшим и неподвижным фрагментом последовательного действия, обретающего все свое значение лишь тогда, когда оно развивается во времени».
Кинобейнелік көріністік қатар ең алдымен, «шындық көрінісі», дәлірек айтар болсақ, айналадағы алғаш көзге ілінетін шындық көріністік қатар. Соның ең басты белгісі - қозғалыс. Суреттің қозғалысы. Екінші белгі – дыбыстық қатар шындығы. Дыбыстық қатар немесе табиғи шындық «елесі» кинобейнелік тұрғысынан суреттеудің екінші құрамдас бөлшегі болып табылады. Айналадағы дыбыстар жиынтығы атмосфераны толыққанды елестетуге үлес қосады. Үшінші белгі – оқиғаның уақыт өлшеміне байланысты өрбітілуі. Экранда өтіп жатқан көріністік қатар сипаты көрермен үшін осы шақ уақыт кескінінде қабылданады. Кейінірек қана оқиғаға баға беріп, дәл уақыт сипатын айқындауға мүмкіндік болады. Белгілі бір көркемдік мазмұнға сай құрастырылған көріністік қатар жиынтығы экраннан көрермен зейініне «өткен шақ», «келер шақ» уақыт сипаттарын қабылдауға мүмкіндік береді. Төртінші белгі – «көркемдік сипаттағы шындық көрінісі». Бастапқы идеяға сәйкес арнайы сұрыпталып, қиюластырылып, қосымша тәсілдермен «әрлендіріліп» көркемдік өңдеуден өткен экрандық жаңа шындық көрінісі. Бесінші белгі – «мазмұндық сипаттағы көрініс». Экраннан көрінетін бейнелік қатар терең мазмұндық шешім арқылы жеткізіледі. Олай деуге себеп, кино өнері, өнердің басқа да түрлері сияқты айналадағы болып жатқан табиғи орта оқиғалары мен оның уақыт және кеңістік тұрғысынан алғанда шартты түрдегі шешімі негізінде жүзеге асырылады. Көріністік қатар тура мағынамен қоса, астарлы мағынаны да беруге мүмкіндік алады. Астарлы мағына мазмұны экрандық шығармада шынайлылықтың тереңдігін қамтамасыз етеді. Алтыншы белгі – сипаттаудың біржақтылығы. Кинокөріністік қатар техникалық суреттеу тәсілдері тұрғысынан алғанда, шынайы өмір көрінісінің белгілі бір көзқараспен ғана қамтылуы арқылы беріледі. Эпштейн былай деп жазады: «Так как киноизображение остается всегда точным и вполне конкретным, оно плохо поддается схематизации, которая сделала бы возможным строгий отбор черт, необходимых для логического обобщения». Мысал ретінде, мынандай тұжырымдарды келтіреді: көрініс және сол көріністі сипаттайтын сөздік мағына арасындағы сәйкессіздік – сөз арқылы берілетін түсінік көп жағдайда жалпылама түрде беріледі, ал кинокөріністе ондай түсінік дәл жағдайды сипаттайды. Ауызша «үй» айтар болсақ, ол жалпылама мағына береді, ал, кинокөрініс арқылы «үй» деп ұғындырар болсақ, онда белгілі бір үй көрсетіледі. Дәл сол сияқты – «ағаш» деп сөзбен сипаттасақ, ол жалпылама мағына береді, ал, экран арқылы «ағаш» мағынасын камера арқылы түсірілген шынайы көрініспен дәлірек жеткізуге болады. Демек, сөз бен бейнелік көрініс арасында айырмашылық бар. Ал, онда, кино тілінде жалпы және астарлы мағынаны қалай көрсетуге болады деген сұрақ туындайды. Мұндағы бір ерекшелік, көрерменнің қабылдау зейінін ескеру. Мысалы, жеке бір адам бейнесі экраннан жалпы адамзат түсінігінде қабылдай алатындай тұрғыда көрсетіле алуы қажет. Ал, ондай мүмкіндік киносуреттеу тәсілдерінің ішінде көріністерді салыстырмалы алматсытыру арқылы жүзеге асырылады, яғни монтаждық түсінік беру деген сөз. Жетінші белгі – кинокөріністің тереңдігі. Әр шындық көріністің міндетті түрде астарлы мағынасы да болады. Кинокөріністің тереңдігі сол астарлы мағынаны ашу арқылы жүзеге асырылады. Көріністің екі жақты мазмұндық астары болады: біріншісі - фильмнің контексі. Кинокөрініс тереңдігін ашатын мазмұнға сәйкес кескіндік үзінділер уақыт ұғымына байланыстырыла отырып бейнелік қатарға енгізіледі. (Кулешов тәжірибесі), екіншісі - «психологиялық контекст». Әр көрерменнің жеке қабылдауындағы көріністік сипат мазмұны. Экрандық шығарманың мазмұндық тереңдігі режиссердың жеткізгісі келген ойынан бөтен әр көрерменнің зейініне, талғамына, тәрбиелік ұғым деңгейіне сәйкес жеке қабылдаулары арқылы шешімін табуы әбден мүмкін. Камера арқылы қамтылған дәл көріністік қатар әр көрерменнің өз түсінігімен қабылданады.
- Қосалқы суреттеу элементтері
Қосалқы суреттеу элементтеріне костюм, декорация және басқа да композициялық шешім тәсілдері жатады.
Түс және жарық қою. Бұл тұрғыдан алғанда бірқатар күрделі мәселелерді ескеруге тура келеді:
- Техникалық сипаттағы мәселелер. Түрлі-түсті экрандық шешім күрделі мазмұндық элемент. «Черно-белое изображение» - көркемдік суреттеу тәсілдері жағынан әлдеқайда терең мазмұндық шешім бере алады. Түр-түстің дамуындағы кезеңдер. Техниколор. Совколор.
- Психологиялық мәселелер. Адам зейініне әсер ету тұрғысынан алғанда түрлі-түсті көріністік қатар, егер ол белгілі бір функциядағы қалыпты ұғым болмаса, басқа жағдайда аса маңызды орын алмайды. Көрерменнің қабылдау зейіні ең алдымен қозғалыстағы суретке ауады, содан кейін, дыбыстық қатарды қамтиды. Түр-түс функциясы екінші планға сырғытылады. Кей жағдайда тіпті де әсер етпеуі мүмкін.
- Эстетикалық мәселелер: а/ эстетикалық тұрғыдан алғанда түр-түс ертегі жанрындағы , аңыз, тарихи костюмдік фильмдерде немесе экзотикалық тақырыптағы фильмдерде ғана, сонымен қатар, анимациялық фильмдерде маңызды орынға шығуы мүмкін. Психологиялық маңызды жүк атқырып тұрған ішкі арпалыс жанрындағы драмалық фильмдерде түр-түс кей жағдайларда кедергі жасауы да әбден мүмкін; б/ кинодағы түр-түстің ролі. Бейнекөріністің көркемдік тереңдігін арттыруда кинокамерадан кейінгі маңызды роль жарық қою тәсілінде болып табылады. Белгілі бір уақыт аралығында оқиға өрбітіледі. Драматургиялық шешім заңдылықтарына сәйкес оқиға өтетін ортаның жалпы атмосферасын тудыратын маңызды тәсілдің бірі - түр-түс. Көріністердің табиғи ортадағы сипатын беру барысында міндетті түрде қосалқы жарық түсіру қажеттілігі туындайды (күндізгі көріністерді түсіруде әлсіз жарық, ал, түнгі көріністерді түсіру барысында өте күшейтілген жарық прожекторлары пайдаланылады). Бұл жағдайда драматургиялық шешім ұғымы тура мағынада емес, керісінше, сюжеттің өрбу барысында шарықтау немесе бәсеңсу кезеңдерін тереңірек көрсету мақсатында көмегін тигізеді. Түнгі көріністер шын мәнінде еш жарықсыз түсірілуі тиіс болса, экрандық шығарманың техникалық ерекшеліктері тұрғысынан алғанда, жарық болмауға тиіс жерде де міндетті түрде жарық түсіру тәсілдері пайдаланылады. Жарықтың фотогениялық табиғаты көркемдік суреттеудің өте бай көзі болып табылады. Интерьердегі көріністерді түсіру барысындағы жарықты пайдаланауда оператор тарапынан шығармашылық ізденістерге еркіндік беріледі. Мұндағы жарық қою тәсілдері табиғи жарық заңдылықтарынан өзгеше болуы мүмкін (түсіру объектілерінің контурын шектеу немесе кеңістік кеңдігін қамтамасыз ету үшін ыңғайластырылады және сол арқылы көрерменнің көңіл күйіне қосымша әсер ету мүмкіндігіне ие болады).
Қолданылған материалдар:
- Арнхейм Р. Кино как искусство. М., Изд.во иностран.лит. 1960.
- Гуидо Аристарко «История теорий кино». М., Искусство. 1966.
- Теплиц Ежи. История киноискусства. М., 1968-1973.
- Леон Муссинак. Избранное. М., Искусство. 1981.
- Садуль Ж. Всеобщая история кино. М.,1958-1982.
- Згуриди А. Экран. Наука. Жизнь. – Москва: Искусство. 1983.
- Киноэнциклопедический словарь. Москва., 1986.
- Ямпольский М.Из истории французской киномысли., М, Искусство 1988.
- С.Фрейлих. Теория кино. Москва., 1992.