Мақала / #студентСөзі
Отандық комедия ресейлік мамандардың қолында
"Бәрі еркектердің кесірінен" фильміне пікір.
Бөлім: Кино
Датасы: 28.04.2017
Авторы: Нұрғали Дүйсенғали
Мақала
Отандық комедия ресейлік мамандардың қолында
"Бәрі еркектердің кесірінен" фильміне пікір.
Бөлім: Кино
Датасы: 28.04.2017
Авторы: Нұрғали Дүйсенғали
Отандық комедия ресейлік мамандардың қолында

Соңғы кездегі мерекелік күндерге байланысты фильмдер көптеп жарық көруде. Соның бірі халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі еркектердің кесірінен» (Все из-за мужиков) атты кинокартинасы көпшіліктің назарына ұсынылған болатын. Бұл фильм отандық комедияда қалыптасып қалған бағыттан өзгеше, жаңа форматта түсірілді. «Отандық комедия форматы» - ақ саусақты кейпкердің ауылға барып аңқау болуы және оған кері, ауылдағы адамның қалаға келіп адасуы. Осындай бағыттан шөгіп, «Интерны» атты ресейлік ситкомның операторы, осы картинада режиссерлық қабілетін сынамақ болды. Дегенмен, фантастикалық комедия болғаннан кейін, көпшілік көрермен оны жылы қабылдады.

Үш жігіттің бір арманы - қыздар әлеміне бару. Сыйқырлы автокөлік ішіндегі айтылған арманы орындалып, жеті миллиард (Астана қаласында бір миллион қыз) қыздардың ортасынан табылады. Кенет, көз алдымызға ресейлік «Любовь-морковь» және де «Цыпочка», «Мальчик в девочку» атты Голливудттың кино туындылары көзге түседі. Бұлардың сюжеті көпшілікке мәлім шығар. Мұндағы әйел мен еркектің бір-бірін түсіну мақсатында, екеулерінің жандары бір-бірімен ауысып кетеді. Яғни еркек әйелге, әйел еркекке. Ал, бұл фильмде әлемде қалған үш еркектің тағдыры жайлы. Айтпақшы, үш еркек демекші, үш жігіттің де ерекше ойындары фильм барысында көзге түседі. Атап айтқанда, Тұрсынбек. Тұрсынбек әйелін қатты жақсы көретіні сонша, нәзік жандылар әлемінде оның көзіне шөп салмауға тырысады. Бұл кейіпкердің характері көп комедия жанрында түсірілетін фильмдерде байқалады. Бірақ, екінші пландағы кейіпкер ретінде. Ал бұл картинада оны алдыңғы планға шығарып, фильмді қызықтыра түсіреді. Өйткені шындығына келгенде жас отбасы ошағында осындай мәселелер кездесетінін байқаймыз. Екінші кейіпкер Арман. Ол қыздар жағына көп қырындайтын жігіттің бірі. Ол аңқау, өз-өзін жақсы көретін әдемі жас жігіт. Фильм Арманның арманы арқылы оқиғаны шиеленістіре түседі. Ал үшіншісінің есімі Тимур. Сөзге шешен, алтын бала - «Таксист». Осы үш жігіт төңірегіндегі оқиғаны, сценарист айнытпай характер беру арқылы фильмнің көркін аша білді. Жалпы, әлемде үш қана жігіт қалатын идея өз тарапымнан ұтымды деп есептеймін.

Сценарий жоғарғы деңгейде, операторлық жұмысы да қанағаттанарлық. Ал, режиссерлық жұмысқа келер болсақ, мүлдем режиссурасы байқалмады. Алғашқы дебюттік жұмысы болғандықтан болар, ол бұл жұмысты орташа деңгейде орындап шықты.

Көкірек қағып, «Қазақ жерінде шыққан туынды» деп, шала мақтаудың да қажеті жоқ сыңайлы. Өйткені, мұндағы тіл мәселесі шешілмеген. Иә, Формат, Ninety one, КешYOU сынды топ әншілердің қазақша әуендері бола тұра, мұндағы қазақи эстетиканың жоқтығы байқалады. Ресей маманының қолынан шығып жатқаннан кейін болар, бұл қазақ киносына жатқызуға келмейтін дүние. Отандық киноны дамытудағы басты мәселе, ондағы тіл мен эстетиканы қалыптастыру. Біз сол комплекстен шыға алмай жатқан сияқтымыз. Дегенмен, комедия жанры ең өтімді тауардың бірі. Болашақта тілімздің атына кір келтірмейтін, қазақи тақырыптағы жаңа форматтағы картинаны көруге ниеттенейік.