Ресейге келіп, қандай әсерлерге бөленудесіз?
Өзіңнің жеке рэтроспективаларыңа бару өте ерекше. Ал, Ресейге мен жетінші мәрте келіп отырмын. Алғаш рет 1992 жылы болдым. Алайда ол кезде бұл жер өте құнарлы еді. Негізі орыс әдебиеті мен киносы: Андрей Тарковский, Александр Сокуров, Никита Михалков — маған өте жақын. Дегенмен, әдебиет жақынырақ. Мен үшін аса маңызды тұлға – Чехов, себебі ол бүкіл адамзат энциклопедиясын жазып шықты емес па! Чехов маған өмірге басқа көзбен қарауға үйретті және оның шығармаларын бірнеше мәрте қайта оқи отырып мен өмірді ол жазған деталдар арқылы көре бастадым. Батыста Чеховқа қарағанда Достоевскийді жақсы таниды. Мен оның да шығармаларын сүйіп оқимын. Алайда, Достоевскийдің шығармаларын сценарийге негіздеу оның мелодраманы реализммен қоса ұштастыруына байланысты өте қиын. Бұрын «Албастылар» шығармасын экрандамақшы болғам, алайда әлі күнге дейін бұл идеямның үстінде көп ойға шомамын.
Мен үшін Достоевскийдің шығармасын сіздің экрандауыңызда көру өте қиын. Себебі, сол Достоевскийдің шығармаларында аяқталмай, айтылмай қалған ой көп емес па!
Жоқ, мен үшін оның шығармаларын экрандау өте қызық, әрі табысты болар еді. Бірақ, оте ауыр және қиын жұмыс. Ешбір экранизация иллюстрация болып кетпеуі керек. Сәтті адаптация жасай отырып режиссер экрандалып отырған шығармадағы басты деталдарды емес, шығарманың негізгі рухын, мәнін жеткізе алады. Міне, дәл осылай Сакуров жұмыс жасайды. Достоевскийді Акира Курасава қойды, тіпті шығармашылық методтары Достоевскийден алыс болса да, оның шығармаларын Брессон да экрандай алды. Соған қарамастан, мен «Карманник» фильмін «Преступление и Наказание» шығармасының ең сітті нұсқаларының бірі деп білемін. Сондай-ақ, Брессон «Кроткая» шығармасында экрандаған болатын. Міне, дәл осы фильмдер кезінде мені кино әлеміне әкелген болатын.
Не үшін және қалай фильм түсіруді бастағаныңызды толығырақ айтып беріңізші.
Мен, тек одан артық ештеңе ойлап таба алмадым. Менің ешқандай кино саласында білімім болмады. Мен жай ғана инженер-электрик болдым. Мамандығым жеке өзіме ұнамайтын және сол себептен өзімді әрдайым өзін жоғалтқан, бақытсыз жандай сезінетінмін. Әрине кейін бұл істі тастап мен фотографиямен айналысып кеттім, алайда адам өзін табу үшін саяхаттау керек деген тұжырымға келіп, фотографтың да жұмысынан бас тарттым. Алты ай мен, официант болып жұмыс істеп, Лондон қаласында тұрдым. Сол кездері маған Батыста өмір сүргім келетіндей көрінетін. Дос атаулы менде болмайтын, кітап көп оқып, кеш қайтара фильмдер көретінмін. Күндердің бір күнінде кітаптардың арасынан Гималай туралы бір кітапша тауып алдым. Сол кітапты оқи отырып, мүмкін бар өмірімнің мағынасы шығыста болар деген үмітпен Непалға кетіп қалдым. Бірде Буддалық храмда отырып, тауларға көз жүгірттім де өз елімді, жерімді қатты сағынғанымды түсіндім. Сонда ойланбастан еліме оралып, өз өмірімді қалай жалғастыруға бас қатырмас үшін бір жыл әскерде болуды ұйғардым. Мен өте еріншек адаммын, сондықтан әскер туралы ой мені өте қуантты. Сонымен қатар әскерде мен алғаш нағыз түріктермен таныстым. Мен батыстык жүйеде білім алдым, сондықтан, әскерге дейін жерлестерімді кездестірген емеспін. Әскер менің Түркияға деген көзқарасымды өзгертті. Әрине, жақсы жағына. Мен көп кітап оқуымды жалғастыра бердім және солай бір күні кітап дүкенінде Роман Поланскийдің «Роман» атты естеліктеріне тап болдым. Поляктық геттодан шыққан қарапайым адамның кинематография Олимпының шыңына шыққаны мені қатты таңқалдырды. Сол сәтте мүмкін мен, режиссер болармын деп ойладым. Осылай әскерден кейін Лондонға қайта оралып, киномектепке түсіп, бірінші семестрдан кейін оқуды тастап кеттім. Түркияға қайта оралып, өз елімдегі мектепке бардым. Міне осыдан кейін, тек қана он жыл өткен соң мен, өзімнің алғашқы кинокартинамды түсіре алдым. Қысқаша мен жайлы осылай!
Осы айтып кеткен шығарманың негізінде де фильм түсіру керек секілді. Дегенмен, режиссер мамандығын оқып шықтыңыз ба?
Мен фильм түсірдім. Алайда ол «Uzak» деп аталады. Мен режиссер мамандығын оқуды бастап, тастап кеттім. Режиссер үшін нағыз жақсы мектеп – фильм көріп, түсірілім процессінде болу. Бұрын мектеп кезінен-ақ, досыма қысқаметражды фильмдер түсіруге көмектесіп, түсірілім алаңында актер болғаныма қарамастан көп нәрсе үйренген болатынмын. Расында да сол кездері қарап отырсам киномектептерден гөрі көпті үйреніппін. Міне, сондықтан болар оқуды тастап, өзіме алғашқы Arriflex 2C камерамды сатып алдым. Ол дыбысы арқылы әрдайым менің есіме мопедті түсіретін.
Сіз қалайша мүлдем қаражатыңыз болмай, алғашқы фильміңізді түсіре алдыңыз?
Мен өте қарапайым фильмдер түсірдім. Алғашқы толық метражды фильмім – «Қалашық». Түсірілімге менің барлық туыстарым қатысты. Тіпті, ата-анам түсті. Ол фильмде дыбыс өте нашар болды. Рэпликаны біз шынайы сөзбе-сөз арқылы жеткіздік. Мен сөйлемді ассистентіме айтатынмын, ал ол актерлерге, ал актерлер соны камераның алдында қайталайтын. Сол эпизодты біз менің екінші «Mayıs Sıkıntısı» фильмінде қайта қойған болатынбыз.
Қазіргі таңда қаражатты қайдан алып отырсыз?
Үлкен фестивалдер өте маңызды. Берлинале, Канн, Венеция сынды кинофестивалдерге қатыса отырып, фильмді жақсы сату мүмкіндігі болады. Сол қаражатқа келесі фильмді түсіру жағдай туады. Алғашқы өзімнің 3 фильмім өте төмен қаражатқа түсірілді сондықтан, бүгінгі күнге дейін фильмдерімді өзім қаржыландырып келдім. Кейіннен, қаражат мәселесін шешуге фильмдерімнің Канн фестиваліне қатысқаны көмектесті. Ал, соңғы жылдары Түркия режиссерлеріне үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаражат бөліне бастады. Бастысы жас режиссерлердің шығармашылығының бастауына қолұшын береді. Сол себептен, менің ойымша, қазір түрік киносының жағдайы бұрынғыдан жақсы.
«Зеркало» фестивалі көбіне сізді теңейтін Андрея Тарковскийді еске алуға арналған. Тарковский сіз үшін кім: - мұғалім, сырлас, дос? Сіздің «Uzak» фильміңізде өте қызық эпизод бар: басты кейіпкер теледидарды көре отырып, өзінің туысын бөлмеден шығару мақсатында порнографиялық көріністен Тарковскийдің фильміне ауыстырады.
Тарковский — менің сүйікті режиссерлерімнің бірі. Тарковский түрік киносының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Мен бәрінен де «Айна» фильмін жақсы көремін. Ал, «Uzak» фильміне келетін болсақ, онда кейіпкер бір идеалды іздейді, сондай-ақ, сол идеалы басты кейіпкердің ағасының өмірінен өте алыста. Басты кейіпкер Тарковскийді практикалық мақсатта қолданады. Яғни, ол шынайылыққа негізделген, ішпыстрарлық кадрларды іздеп, сол арқылы інісін бөлмеден шығаруды көздейді. «Uzak» — биографиялық бояуы қанық фильм. Ең қызығы кинематографияға келместен бұрын мен өзімді осы фильмнің басты кейіпкері, қаһарманы сезінетінмін. Мен негізі сегіз жасымда Ыстанбұлға көшіп барғаныма қарамастан, ауылдың тумасымын және қала ешқашан менің ортам бола алмады. Солай, жас ұлғая адамдарға деген сенімсіздікпен қатысты іс болмағандықтан мен адамдардан алыстай бастадым. Дәл осы сезімдер мен осы фильмде көрсетуге тырысқан нағыз қорқынышты сезімдер болатын. Сондықтан мен үшін осының барлығын екінші кейіпкер арқылы жеткізу оңайырақ болды. Бірақ, мен бұл ойыммен ауылдағы өмір қалаға қарағанда жақсы, оңай, дұрыс деген тұжырымнан аулақпын. Бұл фильм сонымен қатар «Потерянный»деп те аталуы мүмкін еді. Себебі фильм адам тек алдында мақсат, бағыты болғанда ғана бақытты бола алады деген ойды түйеді.
- Ал, сізде бағыт қайдан пайда болды?
- Иә, мен өз құтқарушымды өмірдің мағынасы бола алатын шексіздігінде күші бар өнерден таптым. Өнер – шынында да шексіз. Оны жоқ ету мүмкін емес. Және өмірдің әрбір қиындығын өнер арқылы бейнелеуге болады. Бұның барлығы бір теропия іспетті.
- Егер де сөз Тарковскийдің әсері жайлы болса, онда біріншіден сіздің фильмдеріңізден «İklimler» фильміңіз Тарковскийге жақын деуге болады ғой?
- Шынын айтсам, «İklimler» жайлы идея менің ойыма аяқ астынан келген болатын. Бірде жарым Эбру екеуміз қара теңіз жағалауында таңғы асымызды ішіп отырып, әуесқой камерамен түсірген фильміміздің сахналарын, мәтінін ортаға салып, сөз қылып отырған болатынбыз. Ал оны біз көргенде, нәтижесінің көңілден шыққаны соншалық, соңында нағыз толық метражды бір фильм шыға келді. Сол себептен бұл фильм көпшілікке шынайы болып көрінеді. Дегенмен расында да шынайы пейілмен жасалған картина болатын. Біз алдын ала ештеңе жазбадық. Диалогты да, сюжетті де съемка барысында ойлап тауып отырдық. Мен бас кейіпкерді жақсы түсіндім, тіпті оның жан дүниесінің ішіне кіріп шыққандай күй кештім. Басқа актерге мен осының барлығын түсіндіре алмас едім. Ал, жалғыз сюжеттің иллюзиясы ол тек бірнеше күндік монтаждың арқасында. Түркиядағы прокат нәтижесінің қорытындысы бойынша бұл фильм нағыз сәтсіз туынды болды. Мүмкін көпшіліктің көңілінен актерлар шықпаған болар. Ал, қалған жағынан әлемдік кино алаңында керісінше болды. Фильм мен бұрын түсірген фильдерден әлде қайда сәтті болды. Менің америкалық достарыма дәл осы фильмім қатты ұнады.
- Ресейде бар фильмдеріңізден соңғы Серджио Леоненің «Бірде Америкада» фильмінен сілтеу алатын «Бірде Анадолыда» картинаңыз танымал. Осындай кинотуынды жасау ойыңызға қалай келді? Және бұл картинаның Леонемен қандай да бір байланысы бар ма?
- Шыны керек, менің фильміммен Леоненің фильмі арасында ешқандай ортақ байланыс жоқ. Менің фильмімде кейіпкерлер көп сөйлеседі, ал фильмнің атауы бар болғаны әңгімеге шақыруға негізделеді. Атау фильмнің түсірілімдері аяқталған соң келді. Мен бастан-ақ фильмнің атауында түсірілім өткен Анадолы жердің атауы болғанын қаладым. Бастапқыда Анадолы тарихы деп атамақшы болдым. Бірақ атау тым ескі болып естілді. Ал Леоненің фильмінен кейін тура сол секілді көптеген атаумен фильмдер шыға бастады. Сондықтан мен сол фильмнің атауына сүйенген бірінші адам емеспін. Ал ойға келетін болсақ, сюжетті маған Анадолының айдаласында түнде мәйіт іздеген бір досым айтып берді.
- Сіздің соңғы картинаңыз диалогтың көптігімен баршаны таңқалдырды. Біз білуімізше, сіздің басқа фильмдеріңіз тілдік ұғымды сөзсіз, көзқараспен түсінуге негізделген. Қалайша сіздің бұл картинаңызда диалог көп болып кетті?
- Алайда, диалог арқылы тілдің коммуникацияда жеткіліксіз екенін де көрсетуге де болады. Иә, Фильмде диалог көп, бірақ көпшілігі өтірік. Кейіпкерлер өздерін де айналасындағыларды да құр сөзбен алдап, не айтып жүргендерін де білмейді. Дәл өмірдегідей. Ең қызығы маған диалогпен жұмыс жасаған өте ұнады. Фильмде сөз негізгі ойды бермейді, бірақ, орынның атмосферасын туғызады. Сондай-ақ, кейіпкерлерімнің диалогтарында Түркияның шетіндегі нағыз түрік элементтері кездеседі. Алайда, оны ешкім түсіне бермейді.
- Дәл қазір сізді не қызықтырады және қазіргі таңда қандай жұмыс істеудесіз?
- Біз Эбру екеуміз жаңа фильмнің сценарийін жазудамыз, алайда, бұл құпия! Тек осы тақырыпта екеумізді де қоғамдағы сенім мен үміттің дағдарысы алаңдатады.
Сұхбат түпнұсқасы «Сеанс» сайтында
Аударған: Назира Өтеген