Мақала / #студентСөзі
Аға немесе неке
"Брат или Брак" фильміне студенттік пікір
Бөлім: Кино
Датасы: 26.10.2017
Авторы: Гүлмира Әбен
Мақала
Аға немесе неке
"Брат или Брак" фильміне студенттік пікір
Бөлім: Кино
Датасы: 26.10.2017
Авторы: Гүлмира Әбен
Аға немесе неке

Қазақ кинематографиясының қоржыны кезекті комедиямен толықты. Мәдени орталықтың киелі мекені саналатын Алматы шаһарында, қазан айының жиырма алтыншы жұлдызында, Ернар Нұрғалиевтің көркемсуретті «Брат или Брак» атты тың туындысы көрерменге жол тартты. Режиссер мен актерлық құрам қатысқан алғашқы көрсетілімге көпшіліктің легімен бірге ену бақыты бізге де бұйырды.

Жалпы фильмнің айтар ойы тақырыпқа тікелей негізделген. Оқиға бес ағасы бар Гауһардың тұрмыс құру жағдайында ұдайы келеңсіздікке тап болатын, өмірінен алынған үзіндіден тұрады. Фильмнің дәл осы тақырыпта түсірілуі де, бас продюссер Құралай Анарбекованың өмірімен тығыз байланысты. Оны фильм көрсетілімінен кейінгі талқылау барысында, аталмыш туындыны жарыққа шығарудағы басты мақсатыңыз қандай болды деген сұрағымызға берген жауабынан аңғардық. Жақынының 28 жасқа дейін тұрмыс құрмауына сезіп отырғаныңыздай, ағаларының қарындасына деген қимастық қызғашыны зор ықпалы мен септігін тигізген. Сонымен қатар, кинотуындыға әдеттегі комедия жанрына арқау болатын ауыл мен қаланың салыстырмалы сипаты. Фильм барысында ауылдың шынайы көрінісі шеттетілсе де, кейіпкерлердің сөйлеудегі «акциенті» анық байқалады. Сюжетке шолу жасағанда нақты бір ой түйетін шешімнің болмауы және тек жеңіл әзілге бағытталған оқиғалар тізбегіне шиеленіс пен қақтығыстың аздығы әсер еткендей. Сценарий жұмысы актерлық құрамның біразына дерлік арнайы жазылған. Атап айтқанда: Марсель бейнесіндегі Тәуекел Мүсілім, бизнесмен ағасы – Аян (Нұрлан Сабуров) және қарындас әрі қалыңдық – Гаухар (Құралай Анарбекова), күйеу жігіт бейнесіндегі басты кейіпкер – Айдар (Даурен Сергазин). Сондықтан да, әр кейіпкер, әр бейне актерлық шеберлікке қарағанда, өздерінің шынайы болмысына сай келетіндей бейнені көз алдымызға әкелгендей әсер қалдырды. Дегенмен, залда отырған көрермендерге күлкі сыйлаған туындының соңғы кадрлары романтикаға негізделген шешіммен аяқталуы арқылы ерекше есте қалды.

Қазақтың кино өнеріне бірнеше телесериалдарымен танылған режиссер Ернар Нұрғалиевтің алғашқы көркемсуретті фильмі ертеңнен бастап көрермен назарына ұсынылмақ. Аталмыш кинокомедияны отандық кинематография саласын қолдайтын, кино сүйер қауым үшін көруге кеңес беремін.

Сізге қызық болуы мүмкін: