Фестиваль мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін халықаралық дәрежеде жан-жақты насихаттау, жақын және алыс шет елдердің жетекші орындаушылары арасында шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін дамыту; Есімі ұлттың төлқұжатына айналған дара тұлғалардың бірегейі – Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығын насихаттау.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараға «ЮНЕСКО» штаб-пәтерінен, «Түріксой» ұйымынан, Ресей Федерациясынан арнайы өкілдер, жақын және алыс шет елдердің жетекші дәстүрлі орындаушылары, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан Республикаларының өнер ұжымдары және еліміздің «академиялық» дәрежесі бар оркестрлері қатысады.
3 күнге созылатын іс-шара аясында: «Дәстүрлі өнер – жаһандану әлемінде» тақырыбында форум, республикамыздың, жақын шет елдердің күйшілік мектебі майталмандарының концерті, республикамыздың, жақын шет елдердің ұлт аспаптар оркестрлерінің концерті, оркестрлер шеруі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші Шахан Маханбетов пен танымал фото тілші Рафхат Халеловтің «Күй және күйші» атты фото көрмесі және танымал дәстүрлі орындаушылардың шығармашылық концерті өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 83, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі.
Құрманғазы оркестрінің
Баспасөз қызметі
Ескерту: Көрнекі фото sputniknews.kz