Байқаудың ұйымдастырушы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры болып табылады. Байқауды өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Оның мақсаты - қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетін дамыту, оған қолдау көрсету және танымал ету.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі жас жазушылардың шығармалары қабылданады.
Жүлде байқау негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:
- «Жылдың үздік прозасы»;
- «Жылдың үздік поэзиясы»;
- «Жылдың үздік драматургиясы»;
- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
- «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды.
Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.
Шығармалар 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайына және at2018@fpp.kz электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.
Конкурс ережелері www.fpp.kz сайтындағы «Байқаулар» бөлімінде жарияланды.
Байланыс телефоны: 8 7172 708 318.