Байқау 3 номинациядан тұрады. Әр номинацияға дәстүрлі өнеріміздің Ұлы перзенттерінің есімдері берілді.
Құрманғазы номинациясы – Домбыра аспабы
Қорқыт номинациясы – Қобыз аспабы
Мұхит номинациясы - Дәстүрлі ән өнері
Әр номинацияның өзінің қомақты қаржы қоры бар. Жалпы байқаудың қаржы қоры – 5 миллион теңгені құрайды. Ережеде ұсынылған бір жаңалық, лауреат болып атанған үміткерлер, ұтып алған сый ақының жартысын өзінің ұстазына беру міндетті.
Биылғы байқауға серіктес ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қосылып, «Көшпенділер әуені» байқауы жылда өтетін халықаралық «ЖасSTAR» өнерлі жастар фестивалінің аясында өткізіледі. Бұндай серіктестік қарым-қатынас, бұл сайыстың шекараларын одан әрі ашылуына, дәстүрлі музыка өнерінің дамуына бағытталған. «Көшпенділер әуені» байқауының басты мақсаты – дарынды жастарға қолдау жасап, дәстүрлі орындаушылық өнерді одан әрі биікке көтеру.
Қазылар алқасының мүшелері - елімізге белгілі өнерпаздар. Солардың ішінде: ҚР еңбегі сіңірген қайраткерлері Әйгүл Қосанова, Раушан Мұсаходжаева, Рамазан Стамғазиев т.б. бар.
«Көшпенділер байқауы» регламенті:
19 қазан – 10:30 Байқаудың салтанатты ашылуы
12:00 Барлық номинациялар бойынша 1-ші тур
20 қазан – 10:00 Барлық номинациялар бойынша 2-ші тур
21 қазан – 13:00 Байқаудың салтанатты жабылуы.Гала-концерт
Өтетін орны: Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерттік залы
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас 13, Абай даңғылынан төмен