Алматыда режиссер Ингмар Бергманның 100 жылдығына орай көрме ашылады

2018 жылдың 11 қазанында сағ. 16.00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстан Республикасы Швеция елшілігі және Швеция институтымен бірлесіп театр және кино саласындағы шведтік көрнекті режиссер, жазушы-сценарист, «Оскар» сыйлығының үш мәрте иегері ИНГМАР БЕРГМАНның 100 жылдық мерейтойына арналған «Ингмар Бергманның өнер мен сән әлеміндегі мұрасы» атты мемориалдық көрмесін ашады.
Алматыда режиссер Ингмар Бергманның 100 жылдығына орай көрме ашылады

Эрнст И́нгмар Бе́ргман 1918 жылы Швецияның Уппсала қаласында лютеран пасторы Эрик Бергман мен медбике Карин Бергманның отбасында дүниеге келген.

Бергманның театр және кино өнеріне деген қызығушылығы ерте жастан-ақ қалыптасты.  Оның алғашқы туындылары – өзі жасаған мультфильдерді Ингмар тоғыз жасында ағасы сыйлаған «сиқырлы шам» – проекциялық аппараттың көмегімен жасады. Он екі жасынан-ақ Бергман  актерлік өнердің қыр-сырын тани бастады. Осы жастан бастап гимназияны бітіргенге дейін сиқырлы шамнан бөлек Ингмар өзі жасаған қуыршақ театрымен әуестеніп, ол үнемі жаңа декорациялар мен жарық беру жүйесін дайындап, театрдың жаңа нұсқаларын құрумен болды.

Бергман 1937 жылы Стокгольм университетінің колледжіне түсіп, әдебиет пен өнер тарихын оқи жүріп, бар уақыты мен денін жастар клубындағы театрдың қызметіне арнады.

Ингмар Бергман

Бергман оқуын тәмамдаған соң штаттағы режиссер қызметімен қатар Хельсинборг (1943—1946), Гётеборг (1946—1950), Мальмё (1952—1959), Стокгольм (1961—1976), Мюнхен (1977—1984) және Стокгольм (1984—2007) қалаларындағы театрларда директор, көркемдік жетекші, көркемдік кеңесші қызметтерін алып жүрді.

Ингмар Бергман шығармашылығының негізгі тақырыптары – діннің тоқырауы, дәстүрлі отбасының құндылықтары мен тұлға қасиеттерінің әлсіреуі, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты іздеу. Бергман өз актерларының келбетін камераға ірі қалыпта алу арқылы адамның қоршаған әлем жайлы ішкі тебіреністерінің шындықпен беттескендегі кешкен сезімдерін жеткізді.

89 жыл өмір сүрген режиссер 170 астам театр қойылымдарының авторы атанды, 60 астам көркем және деректі фильм түсіріп, олардың көбісінің сценарийін өзі жазды. Ингмар Бергман  кинофестивальдердің лауреаты атанды: «Канн»  (7), «Венеция» (4),  «Берлин» (2),  Мар-дель-Плата (1), «Джиффони» (1);  «АҚШ киносыншыларының Ұлттық кеңесі» (3), «Нью-Йорк киносыншыларының қауымдастығы» (3), «Аргентина киносыншыларының ассоциациясы» (1), «АҚШ киносыншыларының Ұлттық қоғамы» (5),  «Канзас-Сити киносыншыларының Ассоциациясы», «Círculo de Escritores Cinematográficos» (1), «Франция киносыншыларының Синдикаты».  «Сезар» (1), «Бодиль» (4), «Camerimage» (1), «Давид ди Донателло» (3), «Америка режиссерларының гильдиясы», «Европа киноакадемиясының», «Алтын қоңыз» (3), «Күміс лента» (5), «Юсси» (1), «Кинэма дзюмпо» (1), «Сант-Жорди» (1) сыйлықтарымен марапатталған.

Бергманның «Седьмая печать» (1957), «Земляничная поляна» (1957), «Персона» (1966), «Шёпоты и крики» (1972), «Фанни и Александр» (1982) атты картиналары әлемдік кинотуындылар қатарына енген.

Ингмар Бергман Форе аралындағы өз үйінде тоқсанға келген шағында басқа танымал кинорежиссер  Микеланджело Антонионимен бір күнде 2007 жылдың 30 шілдесінде дүниеден өтті. Одан тараған тоғыз бала да негізінен мәдениет пен өнер қайраткерлері болып қалыптасты.

Экспозиция шебер шығармашылығының сән әлемі, музыка, театр мен биге қосқан үлесін көрсетіп таныстыратын фотоқұүжаттар мен қысқа метражды фильмдерден құралған.

Көрме 2018 жылдың 31 қазанына дейін жалғасатын болады.